Шығыс Қазақстан облысында ер адам өз қызын бірнеше жыл бойы зорлады деген күдікке ілінді. Бейресми деректерге сүйенсек, қыз алты жасынан бастап әкесінің жыныстық зорлығына ұшыраған, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Оқиға Риддер қаласында болған. Қазір қыздың жасы 13-14-те. Ер адам жұмыс орнынан ұсталды.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінде NUR.KZ тілшісіне хабарлағандай, бұл факті бойынша Риддер қалалық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді, оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Тергеу жалғасуда, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу барысы ШҚО ПД басшылығының бақылауында.
Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес жариялануға жатпайды.


