Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауылында отбасылық драма орын алып, салдарынан екі адам қаза тапты. Жеке тұрғын үйден 31 жастағы әйел мен оның азаматтық күйеуінің денелері табылды. Осы факті бойынша қылмыстық істер қозғалды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 тамызда әйел алған дене жарақаттарынан қайтыс болған. Алдын ала анықталғандай, жарақаттарды мас күйінде болған оның бірге тұратын ер адам келтірген. Осыдан кейін ер адам өз-өзіне қол жұмсаған.

Осы факті бойынша Күршім ауданының полиция бөлімі қылмыстық істер қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Ведомство Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін қосты.