- 22 қаз. 2017 00:00
- 258
Шомырдың пайдасы
Шомыр – орамжапырақ тұқымдасына жататын екі жылдық өсімдік; крестгүлділер тұқымдасына жататын, суыққа төзімді өсімдік.
Шомырдың (редька) құрамында В тобының дәрумендері (тиамин, рибофлавин, пиридоксин), А, С дәрумені, никотинді қышқыл, калий тұздарының үлкен мөлшері, кальций мен натрий, темір, фосфор, күкірт, жасұнық, май мен аминқышқылдары, эфир майлары мен ферменттер болады.
Бауырға пайдалы
Адам бауыр циррозымен ауырғанда оған әртүрлі дәрідәрмектердің шипа болмауы мүмкін. Мұндай жағдайда халық медицинасы шомырды емге қолдануға кеңес береді. Өйткені, бауыр циррозы мен холесциститке (өт жолы кеселі) кәдімгі шомыр – тұрып деп те аталады (редька) — өте-мөте пайдалы. Ол өт пен асқазан шырынының бөлінуін реттеп, ас қорытуды оңдайды.
Алайда, жүрегі мен ұлта-бары ауырып, асқазанда жоғары қышқылды гастриті, жарасы барларға жақпайды. Сондықтан бауыр циррозына басқадай дәрілік өсімдіктерді де қолдана береді.
Дайындау тәсілі: 10 г қо-сүйлі (аталық және аналық) қалақай жапырағы, 20 г итмұрын (шиповник), 20 г бидайық (пырей) тамыры қосындысының 1 ас қасығын 1 стақан суға салып, 10-15 минут қайнатады. 10 минут-тен кейін сүзеді. Кеселден айыққанша күн сайын 1 стақаннан 2 мезгіл ішеді.
Басқа да пайдалары:
- Шомырды асқа тұрақты түрде пайдалану тәбетті арттырады, асқорытуға жалпы оң әсер етеді.
- Шомырдың құрамындағы ерекше заттар антибактериалды қасиетке ие.
- Шомырдың құрамында А дәрумені болғандықтан оны көзі нашар көретін және жүйке жүйесі ауруы бар адамдарға тұтынуға кеңес беріледі.
- Құрамында көп мөлшерде кездесетін В тобының дәрумендері зат алмасуға өте пайдалы.
- Сонымен қатар шомырдың құрамындағы калий, натрий сияқты минералды элементтер қан қысымын қалыптандырады. Кальций жүйке жасушаларына дұрыс жұмыс жасауға көмектеседі.