Шри-Ланканың Жоғарғы соты 2019 жылы Пасха күні болған лаңкестік шабуылдарды ұйымдастырды деп айыпталған 15 еркекті кінәлі деп таныды. Сол қанды оқиғада 270 адам қаза тауып, 500-ден астамы жарақат алған еді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Прокурорлардың тұжырымынша, өзін-өзі жарып жіберген лаңкестердің бас ұйымдастырушысы саналған Науфер Мәулауи да кінәлілер қатарында. Қалған тоғыз айыпталушы ақталды.
Үш шіркеу мен үш сәнді қонақүйде бір мезгілде жасалған жарылыстар 2009 жылы азаматтық соғыс аяқталғаннан бергі Шри-Ланкадағы ең қанды шабуыл болып қалды. Қаза тапқандардың арасында 45 шетелдік азамат бар.
Шабуылды жүзеге асырған лаңкестердің барлығы жарылыстар кезінде қаза тапты. Тергеушілер бұған дейін шабуылды исламшыл экстремистер жасады деп айыптаған, ал айыптау қағазы ұсынылған 25 адам Шри-Ланкадағы мұсылман азшылығының өкілдері еді. Олардың біреуі қамауда қайтыс болды.
Айыпталушыларға 23 000-нан астам қылмыс, соның ішінде кісі өлтіру, лаңкестік жасауға сөз байласу және атыс қаруын заңсыз иелену бойынша айып тағылған.


