Білім беру саласы: Шығармашылық
Оқу іс - әрекеті: Ән - саз
Тақырыбы: «Шуақты көктем»
Мақсаты: Балалардың музыкаға қызығушылықтарын арттыру. Музыкалық шығармаға эмоциялық қатынастарын дамыту. Әуенді есту, сезіну қабілеттерін әрі қарай дамыту. Қарапайым музыкалық ырғақтық қимыл - қозғалыстарды жасауға үйрету. Көктем мезгіліндегі құбылыстарды, өзгерістерді әңгімелей білуге дағдыландыру.
Көрнекілік: слайд, түрлі - түсті гүл шоқтары.
Әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ - жауап, үйрету.
Мотивациялық қозғаушы
Көңілді әуенмен балалар залға кіріп,
шеңбер бойына тұрады.
Балалармен әндете амандасады.
- Балалар қараңдаршы біздің бүгінгі оқу іс - әрекетіміз өзгеше өткелі тұр.
Бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Ендеше, қонақтармен амандасайық.
Музыкалық ырғақты қимыл - қозғалыс
Шеңбер бойында тұрып( қолдарын шапалақтайды оңға солға, тізелерін бүгіп, фанарик жасайды. Аяқтарын топылдатады. Шеңбер бойында аяқтын ұшымен жүреді.)
Балалар музыка әуенімен орындарына барып отырады.
Ұйымдастырушы – ізденістік
Ән – саз жетекшісі балаларға жұмбақ жасырады.
Гүл – гүл жайнап жер, аспан,
Гүрілдейді сайда өзен де.
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезең?
- Жарайсыңдар, балалар жұмбақтың жауабын дұрыс шештіңдер.
Ендеше, бүгінгі біздің оқу іс – әрекетіміз - дің тақырыбы: « Шуақты көктем» деп аталады.
Көктем келді, көктем келді далама,
Бүршік жарды алма ағаштар бағымда,
Біздің үйге ұя салды алақай,
Былтыр кеткен қарлығаштар тағыда.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Дұрыс айтасыңдар балалар. Көктем мезгілінде табиғатта көптеген өзгерістер болады.
- Қар еріп, күн жылынады.
- Қар ерігеннен кейін жер бетіне бәйшешек гүлдер шығады.
Өзен - көлдерде мұз еріп жылғалардан су ағады.
Адамдар қалың киімдерін тастап, жеңіл киіне бастайды.
Ағаштар бүршік жарады. Жеміс ағаштары гүлдейді.
Туған жерге құстар ұшып келеді.
Жануарлар мен жәндіктер қысқы ұйқыдан оянады.
Қорада малдар төлдейді.
Балалар мен сендерге сұрақтар қояйын.
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
- Қалай аталады?
- Көктем мезгілінде мерекеге толы, қандай мерекелерді білесіңдер?
Ән тыңдау: «Бұл қай кезде болады?»
Қар, мұз еріп
Сай - салаға толады.
Бүршік жарып, жапырақ ашып
Гүл бәйшешек басады.
Бөбектерім айтыңдаршы?
Бұл қай кезде болады?
Өткен әндерді еске түсіріп қайталау.
Түпқараған ауданы,
Форт - Шевченко қаласы,
МКҚК "Балбөбек" балабақшасы
Ән - саз пәні жетекшісі
Карабалаева Айнұр Сырымқызы
Шуақты көктем. жүктеу
Шуақты көктем
Білім беру саласы: Шығармашылық
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз571 қаралым
#көктем мезгілі#шуақты көктем#күнделікті сабақ жоспары#жаңартылған бағдарлама бойынша құрылған сабақ
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

