Жапонияның Айти-Нагоя аймағында өтіп жатқан 2026 жылғы ХХ жазғы Азия ойындарында қазақстандық жеңіл атлет Мария Шувалова 400 метрге жүгіру финалында алтыншы орын алды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Спортшы қашықтықты 53,59 секундта жүгіріп өтті, алайда жүлдегерлер қатарына қосыла алмады.
Жеңісті Азия ойындарының жаңа рекордымен Бахрейн өкілі Сальва Насер жеңіп алды — 49,20 секунд. Күмісті ирандық Захра Зарей Мануджан (52,38), қоланы үндістандық Прачи (53,21) иеленді.
Тағы бір қазақстандық жеңіл атлет Иван Иванов ядро лақтыру финалында сынға түсті. Ең сәтті әрекетінде ол 18,46 метр көрсетіп, тоғызыншы орынға тұрақтады.
Бұл сайыста чемпион атанған ирандық Мохаммадреза Тайеби Азия ойындарының жаңа рекордын орнатты — 20,81 метр. Күмісті үндістандық Таджиндерпал Сингх Тур (20,64) алды, ал үздік үштікті Сауд Арабиясынан келген Мохаммед Толу (20,48) түйіндеді.
Сенбі күні 110 метрге кедергілерден жүгіруден іріктеу де өтті. 2024 жылғы Олимпиадаға қатысқан Давид Ефремов қашықтықты 14 секундта жүгіріп, 14-орын алды және финалға өте алмады.


