Швейцарияның Вале кантонында 34 жыл бойы хабарсыз кеткен екі бельгиялық альпинистің мәйіті табылды, деп хабарлайды infohub.kz.

РИА Новости кантон полициясына сілтеме жасап, ер адамдардың қалдықтарын турист байқағанын хабарлайды. Олар Трифт мұздығының еруі салдарынан ашылып қалған. Жүргізілген ДНК-талдау мәйіттердің 1992 жылы Вайсмис ауданында жоғалған альпинистерге тиесілі екенін анықтауға мүмкіндік берді.

Қайтыс болғандар Бельгия азаматтары болғаны, олар жоғалған кезде 39 және 41 жаста болғаны нақтыланды.

Кантон полициясы 1925 жылдан бері тіркелген өтініштерді қамтитын хабарсыз кеткендердің тізілімін жүргізеді. Негізінен бұл биік таулы аймақтарда немесе су айдындарында жоғалған адамдар.

Полицияда мұздықтардың шегінуіне байланысты бірнеше онжылдық бұрын тауда жоғалған адамдардың сүйектері кейде табылатынын атап өтті.

Қосымша айта кетейік, биылғы жаз Швейцарияда ыстық деңгейі бойынша рекорд жаңартып жатыр: шілде метеобақылау тарихындағы ең ыстық ай болды. Осыған байланысты өзендер мен көлдердегі су деңгейі айтарлықтай төмендеп, мұздықтардың еру жылдамдығы артты.