Алматыда тау шаңғысы инфрақұрылымын кеңейту жоспарлануда. Жоба іске асқаннан кейін «Шымбұлақ» күніне 30 мыңға дейін келушіні қабылдай алады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Алматы әкімдігі «Шымбұлақ» және Oi-Qaragai тау шаңғысы курорттарын «Медеу» базалық станциясы арқылы біртұтас жүйеге біріктірмек. Бұл туралы қалалық туризм басқармасы хабарлады.
Жоба 30 жаңа канат жолын салуды, 151 шақырым тау шаңғысы трассасын жасауды, сондай-ақ қолданыстағы инфрақұрылымды жаңартуды көздейді.
«Жоба іске асқаннан кейін тау шаңғысы жүйесінің өткізу қабілеті бес есеге – күніне 6 мыңнан 30 мың келушіге дейін артады», – деп мәлімдеді туризм басқармасында.
Сонымен қатар Алматыда 2029 жылға дейінгі Алматы тау кластерін дамытудың кешенді жоспары әзірленуде. Құжат жеті бағыт бойынша 73 іс-шараны қамтиды.
«Жоспар тау инфрақұрылымын дамытуды, тау шаңғысы курорттарының бірыңғай жүйесін құруды, жаңа канат жолдарын салуды және туристік бағдарларды дамытуды көздейді», – деп ведомство мәлімдеді.
Жоспарланған жобаларды іске асыру шетелдік туристер ағынын екі есеге дерлік арттырады – 986 мыңнан 1,7 млн адамға дейін. Сонымен қатар, болжам бойынша, туристік салада жұмыс істейтіндердің саны 101,8 мың адамға дейін өседі.


