21 жастағы Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты іс бойынша негізгі сот отырысы 28 шілдеде басталады. Бұл шешім 23 шілдеде Шымкентте өткен алдын ала тыңдауда қабылданды, деп хабарлайды infohub.kz.
Отырыста жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров процесті тікелей онлайн трансляциялауды сұрады. Оның пікірінше, ашық эфир қоғам үшін маңызды және Қазақстанда сталкинг үшін қандай жауапкершілік қарастырылғанын нақты көрсетеді. Айыпталушының қорғаушысы бұған қарсы болды. Судья Саммидин Темиралиев өтінішті қабылдамады, алайда журналистердің сот залында болуына рұқсат екенін атап өтті.
Тергеу айыпталушыға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айып тағылды: 115-1-бап (сталкинг), 125-1-бап (некеге күштеп тұрғызу) және 99-баптың 2-бөлігінің 5-тармағы (аса қатыгездікпен кісі өлтіру).
Қайғылы оқиға 2026 жылғы 11 қаңтар күні кешке Шымкентте болды. Нұрайдың танысы оған пышақпен өлімге әкелетін жарақат салып, ізін жасырған. Ол екі күннен кейін ұсталды.


