Шымкентте осы аптада аномальды ыстық күтіледі: термометрлер +42 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. OpenWeather порталы 27 шілде мен 2 тамыз аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Синоптиктер апта бойы ашық, жауын-шашынсыз ауа райы болатынын болжайды. 27 шілде күні аспан ашық, орташа температура +33°C, күндіз +40°C-қа дейін, түнде +26°C-қа дейін, жел 14,5 м/с. 28 шілде де ашық, орташа +32°C, максимум +39°C, минимум +24°C, жел 11,7 м/с. 29 шілде бұлтсыз, орташа +32°C, күндіз +40°C-қа дейін, түнде +23°C-қа дейін, жел 10,1 м/с.
30 шілдеде ашық ауа райы күтіледі, орташа температура +33°C, максимум +41°C, минимум +24°C, жел 8,4 м/с. 31 шілде — жауын-шашынсыз, тәуліктік орташа +34°C, күндіз ауа +42°C-қа дейін жылынады, түнде +24°C-қа дейін салқындайды, жел 4,6 м/с. 1 тамыз — ашық, орташа +34°C, максимум +42°C, минимум +26°C, жел 7,3 м/с. 2 тамыз — ашық, жауын-шашынсыз, орташа температура +31°C, күндіз +39°C-қа дейін, түнде +23°C-қа дейін, жел 6,3 м/с.


