Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Америка Құрама Штаттарына мемлекеттік сапармен барады — сапар 23–25 қыркүйекке жоспарланған. Бұл туралы ресми хабарламаны Қытай Сыртқы істер министрлігі жариялады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Қытайдың сыртқы саясат ведомствосының сайтында жазылғандай, Си Цзиньпин АҚШ-қа АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен барады.

Bloomberg дерегінше, ҚХР төрағасы үшін бұл 2023 жылдан бергі АҚШ-қа алғашқы сапары. Ол кезде ол АҚШ-тың экс-президенті Джо Байденмен кездескен болатын, сапар Сан-Францискодағы саммитке қатысуды да қамтыған.

Агенттік атап өткендей, тараптар былтыр Оңтүстік Кореяда келіскен сауда соғысындағы бітімді ұзарту перспективасы барған сайын нақтыланып келеді, өйткені қазір американдық энергетика және ауыл шаруашылығы секторларының өнімдерін қоса алғанда, бірқатар тауарға баж салығын айтарлықтай төмендету мәселесі талқыланып жатыр.