Сиднейдің оңтүстік-батысындағы ауылдық жерде ит шабуылынан 23 жастағы ер адам қаза тапты. Бұл туралы infohub.kz хабарлайды.
Сәрсенбі күні Сиднейдің оңтүстік-батысындағы ауылдық жерде 23 жастағы ер адамның денесі табылды. Полиция оқиға орнына келгенде, денеде ауыр жарақаттар болғанын анықтап, қылмыс орнын белгіледі.
Жаңа Оңтүстік Уэльс полициясының мәліметінше, алғашқы тергеу қорытындысы бойынша, ер адам қайтыс болар алдында жануарлардың шабуылына ұшыраған болуы мүмкін. Сиднейдің 2GB радиосының хабарлауынша, Эшол Парктегі үйде сегізге жуық ит тұрған. Алайда, олардың ешқайсысы тіркелмеген және чиптелмеген.
Кэмпбеллтаун қаласының детективтері ер адамның өліміне қатысты тергеу бастады. Кэмпбеллтаун әкімдігі полицияға көмектесіп жатқанын мәлімдеді. Әкімдік өкілінің айтуынша, олар полицияның тергеуін қолдап, заңнамалық міндеттеріне сәйкес, оның ішінде иттердің тіркелуі мен иелігін анықтау бойынша қажетті көмек көрсетуді жалғастырады.
Тергеу жалғасып жатыр, іс материалдары сот-медициналық сарапшыға жіберілетін болады.


