Алматы, Ақтөбе, Атырау, Петропавл, Көкшетау және Өскемен тұрғындарына 2026 жылғы 30 қыркүйек, сәрсенбі күні ауаның ластануы жоғарылайтыны туралы ескертілді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Синоптиктердің түсіндіруінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) — тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және инверсия сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың қосындысы. Дәл осы құбылыстар зиянды, яғни ластаушы заттардың атмосфералық ауаның жер беті қабатында жиналуына ықпал етеді.
ҚМЖ туындаған кезде елді мекендерде атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін, бұл адамдардың денсаулығына әсер етеді.
Ластану деңгейінің қалыптасуын айқындайтын маңызды факторлардың бірі — жел, жауын-шашын, ылғалдылық және ауа температурасы сияқты синоптикалық жағдайдың болжамы.
Бұған дейін «Курсив» қазақстандықтарды 4 градусқа дейінгі үсік, жауын-шашын, тұман және қатты жел туралы ескерткенін жазған болатын.


