Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад пен оның інісі Махер Асадқа қатысты сот үкімі шықты. Дамаск соты оларды 14 жылға созылған қақтығыс кезінде адамзатқа қарсы қылмыстар мен соғыс қылмыстары үшін сырттай өлім жазасына кесті. Бұл қақтығыс салдарынан жарты миллионға жуық адам қаза тапқан еді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Сол іс бойынша Асадтың немере туысы Атеф Наджиб те өлім жазасына кесілді. Ол елдің оңтүстігіндегі Дараа провинциясындағы көтерілісті басуға жетекшілік еткені үшін айыпталды. Дәл осы оқиға кейін азаматтық соғысқа ұласты. Наджиб қауіпсіздік шаралары күшейтілген жағдайда, түрме киімін киіп, тордың ішінде тұрып, судьяның үкімін тыңдады.
Асад пен оның інісі Махер 2024 жылдың желтоқсанында көтерілісшілер Дамаскіге кіргеннен кейін Ресейге қашып кеткен болатын. Ал Наджиб кейін ұсталып, сотқа тартылған ең жоғары лауазымды тұлғалардың біріне айналды. Ол Сирия армиясының бұрынғы бригада генералы, 2011 жылы Асад тұсында Дараа провинциясындағы Саяси қауіпсіздік басқармасының басшысы болған.


