Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Сырнай аспабын меңгертудегі квинта шеңберінің ықпалы
Сырнай аспабын үйретуші мұғалімнің негізгі мақсаты – музыка маманын тәрбиелеу. Сондықтан сырнайға үйрету барысында оқушыға эстетикалық тәрбие де беріледі, олардың көркем шығармадағы әсемдікті сезінуіне, өз музыкалық қабілетін дамытуына, сырнайда орындаушылық шеберлігін жетілдіруіне ықпал жасалады.

Сырнай аспабы фольклорлық - этнографиялық ансамбльдер мен оркестрде қолданылып, жеке орындаушылықта сүйемелдеуші қызмет те атқарады. Оған тән ерекшелік – адам даусына өте жақын, әуенді, әндетпелі, дұрыс тыныс алуға ыңғайлы құрылымында. Сондықтан да сырнай аспабын оның сол жақ клавиатурасынсыз елестету қиын. Тек қана оң жақ клавиатурада ойналған шығарманың көркемдігі солғын болады. Сол жақ клавиатура өзінің әдемі аккордтары арқылы тыңдаушыға жақсы әсер қалдырады.
Оқушы сырнай аспабымен танысып, оң жағын бірнеше сабақ бойы игеріп алғаннан кейін, мұғалім оған сол қолын үйрете бастайды. Әуелі оң және сол қолдармен жеке - жеке ойнап шыққан соң, оларды бір мезгілде қосып тартады.

Сырнайдың сол жақ клавиатурасы 5 қатардан тұрады. Олар: қосымша қатар (қ), негізгі қатар (н), мажао (Б), минор (М), септаккорд (7).

Сол жақ клавиатураның бір ерекшелігі – түгелдей таза квинта интервалы, яғни квинта айналымы бойынша құрылған. Негізгі қатардың ортаңғы бөлігінде 4 ақ түймелер қатары орналасқан. Төменнен санағанда 2 - ші ақ түйменің аты – До. До дыбысынан 5 басқыш жоғары санасақ Соль нотасы шығады. Соль - ден 5 басқыш жоғары санасақ Ре, Ре - ден 5 басқыш Ля нотасы, т. б. таза квинта бойынша ноталар пайда болады. До нотасынан 5 басқыш жоғары диезді тональностер басталады. 1 - ші тональность – Соль мажор. Онда 1 диез бар. Диез Фа нотасынан басталады. Екі диезі бар тональності табу үшін тағы да Соль - ден 5 басқыш жоғары санаймыз, сонда Ре мажор тональдігі шығады. Осы тәртіппен басқа тональдіктер де табылады.
Енді бемольді тональдіктерді табу үшін негізгі қатардағы До дыбысынан төмен қарай 5 басқыш жоғары санаймыз, сонда Фа мажор тональдігі шығады. Фа - дан төмен қарай 5 басқыш санасақ Си бемоль тональдігі шығады. Осы тәртіппен қалған тональдіктер табылады. Сонымен мажорда мынадай кесте пайда болады:
1. C - dur – 0 белгі
2. G - dur – 1#
3. D - dur – 2#
4. A - dur – 3#
5. E - dur – 4#
6. H - dur – 5#
7. Fis - dur – 7#

Енді мажорға параллель орналасқан минор тональностеріндегі квинта айналымы туралы сөз. C - dur мен a - moll екеуінің кілттік белгісі жоқ. Олар бір - біріне параллель. Ля нотасы негізгі қатарда орналасқан. a - moll тональдігінен кейін келетін диезді тональності табу үшін, Ля - дан жоғары 5 басқыш санаймыз, сонда диезді минорлы тональностер шығады. 1 - ші тональность – Ми минор. Мұнда 1 диез бар. Келесі тональность – Си минор, онда 2 диез бар, т. с. с. ал, бемольдегі минорлы тональдіктерді табу үшін Ля - дан төмен қарай 5 басқыш санаймыз. 1 - ші бемолі бар тональность – Ре минор. 2 - ші бемольді тональность – Соль минор, т. с. с. Сонымен минорда мынадай кесте пайда болды:
1. a - moll – 0
2. e – moll – 1#
3. H - moll – 2#
4. fis - moll – 3#
5. cis - moll – 4#
6. qis - moll – 5#
7. dis - moll – 6#
8. ais - moll – 7#
Осылайша сырнай аспабын үйрене отырып, оқушы әрі сырнайдың сол жақ клавиатурасын үйренеді, әрі теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, квинта айналымының не екенін үйренеді. Бір нотаны басып тұрып, келесі нотаның қай дыбыс екенін табу үшін квинта айналымын негізге алу керек. Осы жолмен іздеген нотасын оп - оңай тауып алады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама