Қазақ тілі 7 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Сырт киімдер
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сырт киімдер туралы мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебін сұрау, білу.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.
III. Жаңа түсінікті қалыптастыру:
1. «Шапан» мәтінімен танысу, оқу, әңгімелеу.
2. Сөздікпен танысу:
Бағалау - ценить
Иық – плечо
Құрмет - уважение
Сый - подарок
Қатынас – отношение
А) сөздерді дұрыс оқу;
Ә) сөздікке жазып алу;
Б) сөз тіркестерін құрау.
3. Диалогті сұрақтармен толықтырып, өзара сөйлесу.
4. Суреп бойынша жұмыс.
IV. Жаңа сабақты бекіту. 4 - тапсырманы орындау:
- Етістіктің шартты райы қалай жасалады?
- Етістіктің ашық райына мысал келтір
- Тұйық етістіктің жасалу жолы қандай?
V. Сабақты қорыту: Пысықтау сұрақтарына жауап алу:
- Қазақ халқының сырт киімін ата.
- адамға жасалатын үлкен құрметті ата.
- Қандай дәстүр бар?
VI. Үй тапсырмасын беру: мәтінді әңгімелеу (112 - бет 1 - тапсырма)
VII. Бағалау
Сабақ жоспарының толық нұсқасын қарау
Сырт киімдер
Сабақтың тақырыбы: Сырт киімдер
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз495 қаралым
#қазақ тілінен күнделікті сабақ жоспары#сырт киімдер туралы
Ұсынылады
Жасанды интеллект және қазақ тілі: Талғарда маңызды жиын өтті
Талғар ауданында жасанды интеллект дәуірінде ана тіліміздің тағдыры мен рухани құндылықтар мәселесі талқыланды. Жиында қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары қаралды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 19 наурыз
Бейімбет Майлин – қазақ әңгімесінің қас шебері
Бейімбет Майлин – қазақ әңгімесінің қас шебері.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
ХІХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне шолу
Қазақ әдебиеті 9 - сынып
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

