Қалың қос қасымен әлемге танылған модель София Хаджипантели Jean Paul Gaultier брендінің иіссуы жарнамасына түсті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Грек-кипр текті 29 жастағы манекенші Instagram парақшасында хош иіс жарнамасы үшін түсірілген суреттерін жариялады. Ол терең мойын ойығы бар, жіңішке баулы және шілтермен әшекейленген қара корсетті боди киіп поза танытты. Бейнесін кең чокер, қызыл баулы мөлдір шұлық және ашық түсті үшкір тұмсықты туфли толықтырды.
«Ханым», «Құдайы», «Ыстық», «Керемет», «Сұлулық, сөзсіз», «Таңғажайып», — деп бағалады жұрт Софияның бейнесін пікірлерде. Айта кетейік, модельдің Instagram-да 443 мың жазылушысы бар.
Sports.ru дерегінше, қыз туралы бүкіл әлем 2017 жылы білді. Содан бері София Хаджипантели заманымыздың ең әдемі әрі ең көп талқыланатын модельдерінің бірі саналады.
София ең алдымен өзінің ерекше келбетімен танымал. Көптеген сұхбатында ол осындай қалың әрі сәнді қасты анасынан мирас етіп алғанын, оған сөзсіз қуанатынын айтқан.


