Солтүстік Қазақстан облысында көпір салу кезінде екі адамның және ежелгі жануардың сүйектері табылды — бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.
Сирек кездесетін олжа Петропавл маңындағы Прибрежное ауылының жанынан табылған. Артефактілерді көпір салу кезінде құм карьерін экскаватормен қазған жұмысшылар байқаған. Табылған заттарды жер бетіне шығарып, дереу полиция қызметкерлерін шақырған.
Құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп, қылмыстық сипаттағы белгілер анықталмағанын мәлімдеді.
Сонымен қатар, тарих ғылымдарының кандидаты, археолог Анатолий Плешаков жануардың сүйектерін зерттеп үлгерді. Алдын ала деректерге қарағанда, табылған сүйектердің бірі осы аумақта шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 12 мыңжылдыққа дейін өмір сүрген жүнді мүйізтұмсыққа тиесілі. Адам сүйектері қай кезеңге жататыны әзірге белгісіз. Сондықтан ғалымдар табылған артефактілерді де, карьердің өзін де толығырақ зерттеуді жоспарлап отыр.
«Жүнді мүйізтұмсық — біз айтып жүргендей, мамонт фаунасы, бұл палеолит кезеңі, мұз дәуірі. Егер осы бас сүйектердің кем дегенде біреуі сол уақытқа жататын болса, бұл асқан сенсация болар еді. Егер мамонт фаунасының табылымдары сенсация деп айтып жүрсем, онда бұл асқан сенсация болар еді. Өйткені бас сүйектердің біреуі қатты зақымдалған, сондықтан бұл өте қызық», — дейді археолог Анатолий Плешаков.


