Бұған дейін Ақ үйге кіруге тыйым салынған үш американдық жаңалық басылымының тілшілері сот шешімінен кейін АҚШ Президенті Дональд Трамптың резиденциясына қайта кірді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
CNN хабарлауынша, MS NOW, CNN және Politico өкілдері федералдық судья Трамп әкімшілігін баспасөзге аккредиттеуді уақытша қалпына келтіруге міндеттегеннен кейін Ақ үйде қайта жұмыс істей алды.
Алайда сот қаулысына қарамастан, алдыңғы күні таңертең үш басылымның тілшілеріне қайтадан кіру қиындық туғызды. Сонда жаңалық ұйымдары шұғыл тыңдау өткізу туралы арыз берді. Осыдан кейін Трамп әкімшілігі БАҚ өкілдеріне Ақ үй аумағына қайта кіруге рұқсат етті.
Бұған дейін АҚШ-тағы сот CNN, MS NOW және Politico тілшілерін Ақ үйге жібермеу заңсыз болғанын анықтады. Судья Тимоти Келли АҚШ Президенті Дональд Трамптың тілшілердің рұқсаттарын жою туралы шешімі «олардың конституциялық құқықтарын бұзуы ықтимал» деп мәлімдеді.
Еске салайық, 18 қыркүйекте АҚШ Президенті CNN, MS NOW және Politico тілшілеріне Ақ үйге кіруге тыйым салатынын, өйткені бұл басылымдар жалған жаңалық таратып жүргенін хабарлаған. Келесі күні-ақ осы басылымдардың тілшілері Ақ үйге кіргізілмегенін мәлімдеді.
Кейін Дональд Трамп осы жаңалық ұйымдарының логотиптері бар қоқыс қаптарының суретін жариялады.
Кейінірек CNN, MSNBC және Politico тілшілеріне Ақ үйге кіруге тыйым салынғаннан кейін олар Президент Дональд Трампқа қарсы талап қойғаны белгілі болды.
Жанжалға байланысты бірқатар жетекші американдық БАҚ АҚШ Президенті Дональд Трамп әкімшілігіне бойкот жариялады — телеарналар Ақ үй басшысы қатысатын іс-шараларды пулдық жариялауды тоқтатты.


