Қостанай облысында әлеуметтік көмек көрсетудегі бұзушылықтар анықталып, жойылды, деп хабарлайды infohub.kz.

Өзенкөл ауданының прокуратурасы аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 51 шешімімен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету қағидаларының сақталуын тексерді. Тексеру барысында дәлелді себептермен өтініш берудің үш айлық мерзімін өткізіп алған азаматтардың көмекке жүгіну мүмкіндігінен іс жүзінде айырылғаны анықталды, себебі қолданыстағы қағидаларда өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру тетігі қарастырылмаған.

Сонымен қатар, мүгедектігі бар азаматтардан қосымша медициналық құжаттар талап етілгені анықталды, бірақ заңнама оларды әлеуметтік көмек алудың міндетті шарты ретінде қарастырмайды.

Осыған байланысты прокуратура наразылық білдірді, нәтижесінде бұзушылықтар жойылып, қағидалар заңнама талаптарына сәйкестендірілді. Қабылданған шаралар азаматтардың құқықтарын қорғауға және мемлекеттік әлеуметтік көмек алудағы негізсіз шектеулерді жоюға мүмкіндік берді.