Қазақ тілі 8 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің түрлері. Сұраулы сөйлем. Лепті сөйлем
Сілтеме: 8 - сынып оқулығы, bilimdiler. kz
Жалпы мақсаты: Білімділік: Сөйлем оның түрлері туралы түсінік бере отырып, оқушыларды сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру;
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушыларды сауатты, ұқыпты жазуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды білімділікке, ойлылыққа жетектеу, туған тілін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Мұғалімнің оқытудағы нәтижесі: Оқушылар сөйлемнің түрлерін ажырата алады, өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады, сөйлеу шеберліктері, тіл байлықтары дамиды.
Ақпарат көздері: Оқулық, тапсырмалар жазылған парақшалар.
Ұйымдастыру кезеңі
- оқушыларды ұйымдастырады
- жұптастырады
- үй тапсырмасын тексереді
Тапсырма 1
Сөйлем және оның түрлері туралы баяндауды тапсырады.
Сөйлем дегеніміз - сөздердің әр алуан тұлғада өзара тіркесіп, біршама тиянақталған ойды білдіруі. Сөйлем адамдардың бір - бірімен түсінісіп, пікір алысуы үшін, қарым - қатынас жасауы үшін қажет
Сөйлемдер
↓
Хабарлы
Сұраулы
Лепті
Бұйрықты
Тапсырма 2
Сұраулы сөйлем туралы түсінік беруін тапсырады
Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейді. Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақты, жетек сұрақты, анықтауыш сұрақты білдіреді.
Бір нәрсе, оқиға, іс туралы мәлімет алу үшін қойылған бастапқы сұрақты негізгі сұрақ дейміз.
Мысалы: Сен тамақ іштің бе? Үйде кім бар?
Негізгі сұрақ сұрау есімдіктерінен (Қашан? Кім? Қанша? Қайда? Неге? Кімде? т. б.) және ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларының қатысуымен жасалады.
Негізгі сұраққа жауап алу үстінде қосымша туған ойға байланысты сұрақты жетек сұрақ дейміз.
Мысалы:
- Кеште кімдер өлең айтты?
- Ұлдар өлең айтты.
- Қыздар ше?
Жетек сұрақтар толымсыз болып құралады, көбіне тек сұрақ мағыналы сөзден ғана тұрады. Жетек сұрақ ше шылауының қатысуымен жасалады.
«Ж. Құдайбергенов атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г. Сатбекова
Сөйлемнің түрлері. Сұраулы сөйлем. Лепті сөйлем. жүктеу
Сөйлемнің түрлері. Сұраулы сөйлем. Лепті сөйлем
Қазақ тілі 8 - сынып
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз977 қаралым
#сұраулы сөйлем#сөйлемнің түрлері#қазақ тілінен қысқа мерзімді жоспар
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

