Қазақ тілі 4 сынып
Сабақ тақырыбы: Сөз және оның мағынасы
Cабақ мақсаты: 1. Сөз және оның мағынасы туралы білімдерін тереңдету, сөз мағынасын айыра білуге жаттықтыру;
2. Оқушылардың сөздік қорын, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақ әдістері: топпен жұмыс, сын. тұр. ойлау.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, математика, дүниетану.
Сабақ көрнекіліктері: интерактивті тақта, қима қағаздар, т. б.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Психологиялық дайындық
Сабаққа дайындық, оқушылардың зейінін тұрақтандыру.
Үлкенге де Сіз,
Кішіге де Сіз.
Үлкендерді құрметтеп,
Бас иеміз біз – дей отырып, сабаққа қызыға кірісеміз біз.
ІІІ. Қызығушылықты ояту.
Мұғалім сөзі
ІҮ. Өткенге шолу.
Бүгін біз «Білім аралына» саяхатқа шығамыз. Онда білім кілті жасырылған, яғни бүгінгі біздің еңбегіміздің бағасын сол аралдан табамыз. Оған дейін біз бірнеше аралдардың тапсырмасын орындауымыз керек.
• Бүгінгі сабақ тақырыбы: Сөз және оның мағынасы.
- Балалар, аралдағы тапсырмаларды орындау алдында біз аздап ой ұштап алайық.
v Берілген сөздердегі дыбыстарды өзгерту арқылы бірнеше сөз жаса.
• ТОР - тар, тер, тур, тұр
. ҚАЛ - қас, қар, қан, қап
. ҚОЛ - құл, қыл, қал
• Өзгерген сөздердің мағынасын ашу мақсатында сөйлемдер құрау.
а) Ой қозғау
Мысалы: Торда 3 қоян отыр. Ол ауылдың көшелері тар екен. Кеше мектепішілік олимпиаданың ІІ туры өтті. Терезеден күннің сәулесі түсіп тұр.
- Сен бүгін үйде қал. Екі үйдің арасы қас - қабақ арасындай. Қар жауып тұр. Қанның түсі қызыл болады. Бір қапта жүз центнер.
- Қолыңды жуып жүр. Қарлығаш балапандарын жылқы жылымен байлап қояды екен. Маған ермей осында қал.
? – Осы сөздерден нені аңғардыңдар? (сөздегі дыбыстың өзгеруінен оның мағынасының да өзгеретіндігі).
Сөз және оның мағынасы. жүктеу
Сөз және оның мағынасы
Сабақ тақырыбы: Сөз және оның мағынасы
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз549 қаралым
#қазақ тілі 4 сынып#ашық сабақ жоспары қазақ тілінен#сөз және оның мағынасы
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

