6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. Зат есім.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сөз таптары, оның ішінде зат есім, зат есімнің жалпы есім, жалқы есім түрлері туралы тереңірек білім беру.
Дамытушылық: Сөз таптары бойынша бастауыш сыныптарда меңгерген білімдеріне сүйене отырып, зат есім туралы түсініктерін дамыту; сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру; оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру.
Тәрбиелік: қазақ тілінің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіре отырып, тілдік - эстетикалық сезімдеріне тәрбиелеу, адамдық қасиеттерін дамыту.
Күтілетін нәтиже: оқушылар зат есімнің грамматикалық категориялары туралы толық меңгереді, сөйлем арасындағы зат есімдерді сұрақ қою арқылы бірден таба алады.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Әдісі: түсіндіру, ізденіс, сұрақ - жауап, талдау.
Көрнекіліктер: слайдтар, сызба - нұсқа, тақырыпқа арналған кесте - плакат, оқулық
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
*оқушыларды түгендеу;
*оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Сіздермен бүгін тікелей эфирде жұмыс жасаймыз. Мектебімізде 21 қыркүйектен бастап Қазақстан халқының Тілдер фестивальі аясында үш тілде сыныптан тыс іс - шаралар өткізіліп, ашық сабақтар жүргізілуде. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: “Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі” деген болатын. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» - деген ескерту айтқан болатын.
Бүгінгі айдарымызда «Сөз таптары. Зат есім» тақырыбында сөз қозғаймыз.
Тіл білімінің бір саласы – морфология. Морфология (гр. morf — түр, тұлға, logos — сөз, ілім) — дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының бір сапасы.
Сөз таптары. Зат есім.
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. Зат есім.
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз506 қаралым
#қазақ тілінен сабақ жоспары#зат есім#сөз таптары#кіріктірілген сабақ
Ұсынылады
Жасанды интеллект және қазақ тілі: Талғарда маңызды жиын өтті
Талғар ауданында жасанды интеллект дәуірінде ана тіліміздің тағдыры мен рухани құндылықтар мәселесі талқыланды. Жиында қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары қаралды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 19 наурыз
Бейімбет Майлин – қазақ әңгімесінің қас шебері
Бейімбет Майлин – қазақ әңгімесінің қас шебері.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
ХІХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне шолу
Қазақ әдебиеті 9 - сынып
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

