Стивен Спилберг келесі жобасын жариялады: ол «Сердце зимой» (The Heart in Winter) вестерні болады, сценарийін Пол Томас Андерсон жазады. Focus Features студиясы үшін түсірілетін картинада басты рөлдерді «Оскар» сыйлығының иегерлері Джесси Бакли, Киллиан Мерфи және Марк Райлэнс сомдайды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

«Оскар» иегерлері ирланд жазушысы Кевин Барридің XIX ғасырдың соңындағы Америкада қашып кеткен ғашықтар туралы романын экрандастыру жұмысында алғаш рет бірге жұмыс істейді, деп жазады Variety.

Фильм ирланд жазушысы Кевин Барридің 2024 жылы жарық көрген аттас романының экрандастырылуы болады. Кітаптағы оқиға 1890 жылдары Монтана штатының Бьютт қаласында өрбиді. Сюжет бойынша тәуелділіктен зардап шегетін ирланд Том Рурк хат арқылы танысқан қалыңдығы Поллимен кездеседі, кейін ғашықтар ат пен ақша толы ер-тоқым қапшығын ұрлап, Сан-Франциско жаққа қашады.

Спилбергтің айтуынша, Джесси Бакли мен Киллиан Мерфи бұл бейнелерді сомдау үшін бірден ойына келген, ал алдағы фильм олардың экрандағы алғашқы бірлескен жұмысы болады. Бұған дейін «Битва за битвой» (One Battle After Another) картинасы үшін үш «Оскар» мүсіншесін алған Пол Томас Андерсон үшін бұл басқа режиссёрге арнап жазған алғашқы толыққанды сценарийі. 2026 жылы Бакли өзі Спилберг продюсерлік еткен «Хамнет» (Hamnet) фильміндегі рөлі үшін де «Оскар» сыйлығын жеңіп алды. Вестерннің ресми прокатқа шығу күні әзірге белгіленген жоқ, алайда релиз 2028 жылы күтілуде.