Сабақтың тақырыбы: Спорттың пайдасы
Сабақтың мақсаты: 1. оқушыларды салауатты өмір салтына, спорттың өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру.
2. Спорт туралы түсініктерін кеңейту.
3. Ұқыптылыққа, сыйластыққа, бір – бірінің сөздерін тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас.
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, проблемалық, іздендіру, көрнекілік әдіс, топтық, талдау – жинақтау әдістері.
Көрнекілігі: білім мекемелерінің суреттері, инт. Тақта, кітапхана, кітап суреттері, тірек сызбалар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Сәлемдесу. Сәлеметсіздер ме? Құрал – жабдықтарымызды алайық.
Бүгін мен сендерді сабақта 2 топқа бөлемін. Партаның үстінде топтарыңның аттары жазылып тұр.
Бағалау парағы. Балалар бүгін мен сендерді топпен бір баллдық жүйемен бағалаймын. Әрбір дұрыс жауапқа бір балл беріліп отырады
II. Үй тапсырмасы: 1 - тапсырма
III. Жаңа сабақ
1.«Спорт» тақырыбында диалог құрастыру. 1. Мен спортпен айналыспаймын.
- Маған қазақ күрес үйірмесі ұнайды.
- Мен жарысқа қатыспаймын.
- Мен шетелге жарысқа бардым.
- Мен Қазақстан намысын қорғаймын.
- Спорт адамға пайдалы.
- Мен көп ұйықтаймын.
- Мен көп еңбектенемін.
- Мен таңертең жаттығу жасамаймын.
- Мен спортпен айналыспаймын.
- Мен баскетбол үйірмесіне қатысамын.
2.«Медеу» мұз айдынына байланысты әңгіме құрастыру (суреті арқылы )
3. Хат келеді. «ой, балалар, бізге хат келіпті! Ашып оқиық.»
« Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің атым - Абылай. Мен бос уақытымда спортпен айналысамын. Қыста шаңғымен сырғанаймын, коньки тебемін. Жазда футбол ойнаймын. Мен велосипед спортымен де айналысамын. Мен спорт үйірмесінде секіремін, жүгіремін, жаттығамын. Менің жаттықтырушым - Төлеген ағай. Мен Қарағанды қаласына жарысқа бардым. Мен екінші орын алдым. Болашақта Қазақстан намысын қорғаймын. Достым, сенің де спортпен айналысқаның дұрыс.»
Сөйлемдерді 2, 3 жаққа айналдыру:
1. Менің атым - Абылай.
2. Мен бос уақытымда спортпен айналысамын.
3. Қыста шаңғымен сырғанаймын, коньки тебемін.
4. Жазда футбол ойнаймын.
5. Мен велосипед спортымен де айналысамын.
6. Мен спорт үйірмесінде секіремін, жүгіремін, жаттығамын.
7. Менің жаттықтырушым - Төлеген ағай.
8. Мен Қарағанды қаласына жарысқа бардым.
9. Мен екінші орын алдым.
10Болашақта Қазақстан намысын қорғаймын.
4.- Ал, балалар, енді ойын ойнап жіберейік!
Ойын: «Бұл қандай зат?» Шарты: Мұғалім бір сурет жасырады. Оны мұғалім сипаттайды. Оны оқушылар табу керек.
Заттар: бассейн, коньки, секіртпе, гантель, доп.
5. Сөздікпен жұмыс: Секіреміз - прыгаем
Жүгіреміз - бегаем
Жаттығу – зарядка
Сөз тіркестерін құрастыру. Біз ұзындыққа секіреміз.
Біз таңертең жүгіреміз.
Біз таңертең жаттығу жасаймыз.
6. Топтастыру: суретке қарап әңгімелеу.
IV. Сабақты қорытындылау. Қазақстан спортшыларымен таныстыру
V. Үйге тапсырма беру. Мәтінді түсініп оқып келу.
VI. Бағалау.
Спорттың пайдасы
Сабақтың тақырыбы: Спорттың пайдасы
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз556 қаралым
#ашық сабақ#салауатты өмір салты#спорттың пайдасы
Ұсынылады
Жасанды интеллект және қазақ тілі: Талғарда маңызды жиын өтті
Талғар ауданында жасанды интеллект дәуірінде ана тіліміздің тағдыры мен рухани құндылықтар мәселесі талқыланды. Жиында қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары қаралды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 19 наурыз
Бейімбет Майлин – қазақ әңгімесінің қас шебері
Бейімбет Майлин – қазақ әңгімесінің қас шебері.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
ХІХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне шолу
Қазақ әдебиеті 9 - сынып
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

