Стамбұлдың бұрынғы мэрі Экрем Имамоглу жаңа мерзім алды: Түркия соты оны екі жыл бір айға бас бостандығынан айырып, саясатпен айналысуға тыйым салды. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.
Шешім саясаткердің Стамбұлдың Тузла ауданы әкімшілігінің бұрынғы басшысы Шади Языджиге айтқан сөздеріне қатысты іс бойынша шығарылды. Бұған дейін осы іс бойынша Имамоглу ақталған еді, алайда апелляциялық саты ақтау үкімін күшінен қалдырып, іс материалдарын қайта қарауға жіберді.
Бұған дейін хабарланғандай, қойылған айыптардың жиынтығы бойынша Стамбұлдың экс-мэріне 2 430 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қауіп төнген.
Еске салайық, Экрем Имамоглу мен оның баспасөзбен байланыс жөніндегі кеңесшісі Мұрат Онгун сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы операция барысында ұсталып, 2025 жылғы 19 наурызда сотқа жеткізілген. Осыдан кейін елде наразылық шаралары басталды. Көп ұзамай Түркия соты Имамоглуды қамауға алу туралы шешім шығарды, ал қала мэрі қызметін оппозициялық партияның өкілі Нури Аслан атқарды.
Шілдеде Стамбұлдың экс-мэрі прокурорды қорлағаны үшін нақты мерзімге — 20 айға сотталғаны белгілі болды. Ал қазан айының соңында Түркия соты Имамоглуды жемқорлық ісі бойынша ақтады, алайда Стамбұл қалалық прокуратурасы оған және бірқатар өзге шенеунікке 2019 жылғы мэр сайлауына байланысты тыңшылық жасады деген күдікпен жаңа қылмыстық іс қозғады.


