Орал қаласы
№34 мектеп-гимназиясының
математика пәні мұғалімі Исмагулова Г.С.
Сабақтың тақырыбы: Математикадан стандарт емес есептерді шешу. Гаусс әдісі.
Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру, Карл Гаусстың өмірбаянымен таныстыру, Гаусс әдісімен тез есептеуге үйрету.
Дамытушылық: ойлау және тез есептеу қабілеттерін, өз бетімен ізденіп жұмыс жасау қабілеттерін дамыту, математикаға қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: шапшаңдылыққа,тиянақтылыққа, өз жұмысын саралап нәтижесін шығаруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-иллюстративті, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: К.Гаусстың суреті,слайд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Сандар ребусы
ІІІ. Карл Фри́дрих Га́усс туралы мәлімет
К.Ф.Гаусс-неміс математигі, астрономы және физигі.Қосымша мәлімет 18 ғасырдың соңында Германияда бір сабақта мұғалім оқушыларына "1 - ден 100-ге дейінгі натурал сандардың қосындысын табуды" тапсырыпты. Оқушылардың біреуі: ізделген қосынды 5050-ге тең деп жауап беріпті.Бұл оқушы кейіннен аты әлемге әйгілі болған математиктер королі Карл Фридрих Гаусс екен.
(1+100)+(2+99)+......+(49+52)+(50+51) = (100+1)*50 = 5050
IV. Есептерді шешуді түсіндіру.
Біздер енді сол кездегі он жасар бала Гаусстың пайдаланған есептеу тәсілімен танысайық.Ол үшін 1-ден 10-ға дейінгі натурал сандардың қосындысын Гаусс тәсілімен есептеу.
1-тапсырма . 1-ден 10-ға дейінгі натурал сандар қосындысын табайық.
1-тәсіл: 1+2+3+4+....+9+10=(1+10)(2+9)...(5+6)=11*5=55
2-тәсіл:
+ 1 + 2 + 3 + 4 + 5 + 6 + 7 + 8 + 9 + 10
10 + 9 + 8 + 7 + 6 + 5 + 4 + 3 + 2 + 1
11 + 11 + 11 + 11 + 11 + 11 + 11+ 11 + 11 + 11
10: 2 = 5. Ендеше 11• 5 = 55.
2-тапсырма. 1-ден 20-ға дейінгі натурал сандар қосындысын тап
1 + 2 + 3 + 4 + 5 + 6 + 7 + 8 + 9 + ... + 20 = (1 + 20) + (2 + 19) + (3 + 18) + (4 + 17) + (5 + 16) + (6 + 17 ) + (7 + 16) +(8+13)+(9+12)+(10+1)=21•10=210
Деңгейлік тапсырмалар:
11-ден 20-ға дейінгі; 81-ден 90-ға дейінгі; 1-ден 100-ге дейінгі;
Қосындысын тап: 20 + 40 + 60 + … + 460 + 480 + 500.
Қосындысын тап: 30 + 60 + 90 + … + 540 + 570 + 600.
Шығарылу жолы
1. 30 n = 600, n = 20
2. 30 + 600 = 630
3. 630•(20:2) = 6300
Мәнін тап: 6 + 12+18+ … +90+96.
Қосындысын тап: 100+200+300+…+900+1000.
Қосындысын тап: 150+250+350+…+950.
V. Есте сақта.
1) 37•3=111
37•6=37•3•2
37•12=37•3•4
37•15=37•3•5
2) 7•11•13=1001
77•39=77•13•3
77•26=77•13•2
Сабақты бекіту: логикалық тапсырмалар
Үйге тапсырма: К.Гаусс туралы реферат жазу.
Қорытындылау:
Стандартты емес есептерді шешу Гаусс әдісі. слайдты жүктеу
Стандартты емес есептерді шешу Гаусс әдісі
№34 мектеп-гимназиясының
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 4 наурыз1103 қаралым
#математика#бастауыш#факультатив сабақ#гаус әдісі#стандарт емес
Ұсынылады
Қазақстанда Аналар күні аталып өтті: Ананың рөлі мен мемлекеттік қолдау
Қазақстанда Аналар күнін атап өту аясында аналарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары мен ананың қоғамдағы рөлі туралы статистикалық мәліметтер жарияланды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 10 мамыр
85 жастағы Қарағанды тұрғыны арнайы білімі болмаса да, күрделі математикалық есептерді шешеді
Ермекбай Жолдыбеков есімді қария натурал сандарды қосудың өзіндік әдісін ойлап тауып, ғылыми жарияланымдарда жарық көрген.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 5 наурыз
Математика – халық ауыз әдебиетінде
Математика – халық ауыз әдебиетінде
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

