SpaceX компаниясының Starship ғарыш кемесі тарихында алғаш рет орбиталық ұшу жасады: кеменің 14-ші ұшырылымы Жер орбитасына 26 Starlink V3 спутнигін шығарды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Айта кетсек, бұған дейін Starship-тың барлық сынақтары суборбиталық траекториялар бойынша өткен — мұндай ұшу профилі қауіпсіздік талаптарын ескере отырып сынақ жүргізуге мүмкіндік берген. Қазіргі миссия кеменің дәл орбитаға шығуы тиіс алғашқы ұшуы болды.
SpaceX компаниясында орбитаға шығу толық және жылдам қайта пайдаланылатын жүйені әзірлеудің келесі кезеңін ашатынын мәлімдеді.
«Алдағы ұшу — Starlink V3 спутниктерін орбитаға шығаруды жоспарлаған алғашқы ұшуымыз. Олардың ұшырылуы әлем бойынша байланыс жылдамдығы мен сенімділігін айтарлықтай арттырады», — делінген компания жарияланымында.
Компания деректеріне сәйкес, Starship Жерден шамамен 275 км биіктікке көтеріліп, алты шақты айналым жасауы тиіс. Ұшу ұзақтығы шамамен 10 сағатты құрайды, содан кейін кемені орбитадан шығарып, Чилидің батысындағы Тынық мұхитына қондыру жоспарлануда.
«Starship-тың жоғарғы сатысы алғаш рет орбитаға шығу маневрін орындап, 26 спутникті шығарып, ғарышта бір Raptor қозғалтқышымен тежеу импульсін жасап, содан кейін басқарылатын қайту мен Тынық мұхитына қонуын жүзеге асыруы керек», — деп қосты компания.


