Степногорскіде интернетте жасөспірімдердің кіші жастағы балаларды қорлағаны туралы ақпарат тарағаннан кейін тексеру басталды. Бұл оқиға қоғамда кең резонанс тудырды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Halyqstan Telegram-арнасында зардап шеккен балалардың ата-аналары екі 16 жасар жасөспірім оларды бұталарға апарып, қорқытып, сүйісуге мәжбүрлегенін айтқан жазба жарияланды. Болған оқиғаны камераға түсіріп, тікелей эфирде көрсеткен болуы мүмкін. Туыстарының айтуынша, оқиғадан кейін бала іштей тұйықталып қалған. Ата-аналар полицияға арызданып, жағдайды анықтауды талап еткен.

Жазбада барлық мән-жайды анықтаудың маңыздылығы атап көрсетілген: аулада нақты не болғаны, бейнежазба таратылған ба немесе әлеуметтік желілерде көрсетілген бе, оқиғаға кімдер қатысқаны және қорқыту нақты болған ба.

NUR.KZ тілшісі Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сұрау салған. Ведомство Степногорск қалалық полиция басқармасында бұл фактінің тіркелгенін растады. Кәмелетке толмағандардың жеке басы анықталды. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы мен қатысушылары анықталуда. Әрбір қатысушының әрекетіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі. Негіздер болған жағдайда заңда көзделген шаралар қолданылады.