Степногорскіде 40 жастағы әйел, алдын ала мәліметтер бойынша, алкогольдік масаң күйде болған, полиция қызметкеріне шабуыл жасап, оның беті мен мойнын тырнап тастаған, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Оқиға 15 тамызда сағат 00:30 шамасында болған. Полиция басқармасының кезекші бөліміне тұрғын үйдегі тыныштықты бұзу туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына келген патрульдік полицейлер көрсетілген пәтерден қатты музыканың дауысын естіген. Есікті оларға 40 жастағы әйел ашқан, ол алдын ала мәліметтер бойынша, алкогольдік масаң күйде болған.

Ол полиция қызметкерлерінің тыныштықты бұзуды тоқтату және медициналық куәландырудан өту туралы заңды талаптарына агрессивті жауап беріп, балағат сөздер айтып, полицейлердің талаптарын орындаудан бас тартқан. Туындаған жанжал барысында әйел полиция қызметкерлерінің бірін итеріп жіберген, содан кейін подъезге жүгіріп шығып, оған лап қойып, беті мен мойнына тырнақ салған.

Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындау қажеттігін еске салды. «Алкогольдік масаң күйде жанжал жағдайларын болдырмауға ерекше назар аудару керек. Қоғамдық тәртіпті бұзу, сондай-ақ билік өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық қолдану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады», — деп қосты полицияда.