Бірінші курс студенті кәмелетке толғаннан кейін университетте оқу кезеңінде әкесінен алимент өндіріп алуды сот арқылы қол жеткізді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Жамбыл облысы соттарының ресми Telegram-арнасында хабарланғандай, Шу аудандық соты студенттің әкесіне қатысты азаматтық істі қарады. Қыз Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде күндізгі бөлімде ақылы негізде оқиды және кәмелетке толған соң алимент алуды тоқтатқан. Күндізгі бөлімде оқуына байланысты оның тұрақты табысы жоқ, жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоқ, оқу ақысын төлеуге, тұруға және басқа да қажетті шығындарға жұмсайды.
Жауапкер талапты ішінара мойындап, қызына материалдық көмек көрсетуден бас тартпайтынын, алайда өзінің материалдық және отбасылық жағдайын ескеруді сұрағанын түсіндірді. Сот анықтағандай, жауапкер екінші некеде тұрады, 5 кәмелетке толмаған баласы бар, тұрақты жұмыс орны және несиелік міндеттемелері бар.
Сот ата-аналардың балаларды асырау бойынша тең міндеттері бар екенін ескерді. Сондай-ақ, талапкердің ақылы негізде оқитыны және оқу кезеңінде өзін-өзі қамтамасыз ете алмайтыны ескерілді.
Сот шешімімен жауапкерден қызының пайдасына оқу кезеңіне – 2028 жылдың шілдесіне дейін ай сайын 17 АЕК мөлшерінде алимент, сондай-ақ мемлекет кірісіне мемлекеттік баж өндірілді. Шешім заңды күшіне енді.


