Шетелде оқитын қазақстандық студенттер оқудан бос уақытында жұмыс істеп, табыс табуға құқылы. Кей жағдайда олар елге оралып, ЖТС төлемейді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Ведомствоның түсіндіруінше, шетелде оқитын Қазақстан азаматы бәрібір Қазақстан резиденті болып саналады. Алайда осындай резидент шетелде жұмыс істеп, табыс тауып, сол жерде салық төлесе, Қазақстанда жеке табыс салығын төлеуге міндетті емес.
«Қазақстан резиденті шетелде жұмыс істеп, табыс тауып, сол жерде салық төлесе, Қазақстанда жеке табыс салығын төлеуге міндетті емес. Бұл норма ҚР Салық кодексінің 638-бабының 1-тармағында және 303-бабында көзделген», — делінген хабарламада.
Бұл ретте екі негізгі шарт сақталуы тиіс. Біріншісі — құжаттық растау: шетелде салық төлегенін растайтын ресми құжат болуы керек. Екіншісі — мөлшерлеме шектеуі: шетелде төленген салық сомасы Қазақстан заңнамасында белгіленген жеке табыс салығының мөлшерлемесіне, яғни 10%-ға сәйкес келуі тиіс.
Осылайша, бұл ереже шетелде салық төлеп қойған азаматтарға қосарланған салық салудан құтылуға мүмкіндік береді.


