Сабақтың тақырыбы Су жануарлары
Сабақтың мақсаты 1. Тәрбиелік: Оқушы су жануарлары туралы іздене отырып, жаңа деректермен танысады және оларды қорғауға тәрбиеленеді.
2. Білімділік: Түрлі ақпараттарды жинақтай отырып, су жануарларының түрлері мен тіршілігі туралы түсінік қалыптастырады, өмірдегі маңызын айқындайды.
3. Дамытушылық: Оқушы өз ойын еркін айтады, бір - бірінің ойларын толықтырады және шығармашылық қабілеттері артады.
Қолданылатын технологиясы: Сатылай кешенді оқыту технологиясы.
Оқыту формасы: Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық.
Көрнекілігі: Суреттер, слайд, қаңқалар.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру
Пәнаралық байланыс
Күтілетін нәтижесі: Су жануарлары туралы жаңа деректермен танысады, деректерді іздене біледі. Олардың түрлері мен тіршілігі жайында білімдері шыңдала түседі. Оқушы ойын еркін айта алады.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
Сабақтың кезеңдері
Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушыларды түгелдейді, сабаққа назарын аударады.
«Қызығушылығын ояту» сөз жұмбақ шешу.
Слайдтан сөз жұмбақ сұрақтарын көрсетеді.
Бұлар қайда тіршілік етеді?
Топтық жұмыс.
«Жартылай жазылған парақ» әдісі
Бағыт береді
2 Жаңа сабақ
• Сатылай кешенді талдау
Оқушылар жауабын толықтырады
1. Анықтама:
Суда немесе су маңында тіршілік ететін жануарларды су жануарлары дейміз.
2. Тану:
Су жануарлары суы мол табиғи ортада өмір сүреді. Олар өзенде, көлде, тоғанда, мұхиттар мен теңіздерде, тіпті аквариумда да тіршілік етеді.
3. Қажетті жағдайлар:
Су, ауа, жылу, жарық, қорек, қамқорлық
• Топтық жұмыс.
4. Топтары:
1. Су сүтқоректілері
2. Су құстары
3. Су жәндіктері
4. Балықтар
5. Көшпенді су жануарлары
6. Су жырқыштары
7. Су жағалауын мекендейтін жануарлар
5. Маңызы:
Су жануарларынан дәрі - дәрмектер жасалады. Маржан, бағалы тастар алынады. Түрлі тағамдар жасалады және шикізат көзі
• Жазылым. Тыңдалым
6. Экологиясы:
Су жануарын қалай қорғаймыз?
Қазіргі кезде шамадан тыс балық аулау, өнеркәсіптік қалдықтармен судың ластануы су жануарларына қауіп төндіріп тұр.
Қорытынды: Сондықтан су жануарларына қиянат жасамай, қорғайық!
Бағалау
Үйге тапсырма: Альбом құрастыру
Толық нұсқасын жүктеу
Су жануарлары. Жануарлар әлемі
Сабақтың тақырыбы Су жануарлары
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз722 қаралым
#дүниетану#сабақ жоспары#су жануарлары#су жағалауын мекендейтін жануарлар
Ұсынылады
Азға қанағат ет
Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілі пәні бойынша 3 сыныпқа арналған сабақ жоспарын ұсынып отырмын. Бұл сабақтың негізі жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес жоспарланған. Сабақ б...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Күмбір күйдің шебері (Т. Шәмеловтың туғанына 67 жыл)
Сабақтың тақырыбы: «Күмбір күйдің шебері» (Т. Шәмеловтың туғанына 67 жыл)
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында тарих пәнінде әдіс - тәсілдерді қолданудың тиімділігі.
Өткізілетін орны: Мультимедия кабинеті
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

