Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Сутектің қасиеттері, алынуы мен қолданылуы
Химия пәні мұғалімі: Лепесбаева С. К.

I. Сабақтың тақырыбы: Сутектің қасиеттері, алынуы мен қолданылуы.
ІІ. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға суттек туралы жалпы сипаттама беру, жер бетіндегі ең маңызды қосылыстардың бірі екенін айта отырып, физикалық пен химиялық қасиеттерін, қолданылуы мен сутекті алудың бірнеше тәсілдерімен таныстыру. Жаңа ұғымдарға тоқталу. Оқыту кезінде қойылған талаптарды орындау үшін білімді одан әрі қарай дамыту.
А) дамытушылық мақсаты: оқушыларды саналы ойлау мен тәжірибелік жағынан дамуын жетілдіру. Өзі бақылаған тәжірибеден дұрыс қорытынды жасап, реакция теңдеуін жазып, типін анықтай білуі үйрету.
Ә) тәрбиелік мақсаты: жүйелі ойланып, саналы түрде жауап беру үшін химия тілінде сөйлей білуге тәрбиелеу. Шығармашылық деңгейлерін дамыту.
ІІІ. Сабақтың түрі: бақылау, зерттеу және сұрақ – жауап түрінде.
ІV. Керекті реактивтер мен құралдар: Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесі, тұрғы, сынауық, тұз қышқылы, мырыш түйіршігі, стақандағы су, Кипп аппараты.
V. Қолданылған материалдар: видео көрсетілімдер, слайдтар.

VІ Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру.
2. Пысықтау сұрақтары: үй тапсырмасын сұрау
- Оттектің жалпы сипаттамасы.
- Оттектің физикалық қасиетін сипатта.
- Оксидтер дегеніміз не?
- Мына оксидтерді: MnO2; MnO3; NO; NO2; Cr2O3; CrO3; CuO; Cu2O; Na2O; P2O3; P2O5; SO2; SO3 халықаралық атаулары бойынша екі түрлі тәсілмен атаңдар.
- Оттектің қолданылуы /O2/, табиғаттағы айналымын айтып беріңдер.
- Оттектің түр өзгер өзгерісін ата.
- Жану реакциясы дегеніміз не?
- Термохимиялық теңдеу дегеніміз не? Түрлерін ата.
- Реакцияның жылу эффекті деген не?

Сабақ барысы:
«Мені тап»
Мен судың арғы тегімін,
Серігімін оттек атты серінің.
Ежелден ең жеңіл газбын,
Оттекке қарағанда азбын.
1 пайыз ғана жер бетіне тарағам,
Ғаламшарда 92 пайызбын.
Бармын газбен көмір, мұнайда,
Болашақта өзім отын бола алам.

Сутектің Д. И. Менделеев жасаған периодтық жүйедегі орны
Сутектің Д. И. Менделеев жасаған периодтық кестеде бірінші орында тұр.
Таңбасы - Н /оқылады аш деп/
Салыстырмалы атомдық массасы - 1, 008 жуықтап алғанда 1 тең
Жай зат күйінде - Н2
Сутектің табиғаттағы таралуы мен ашылу тарихы
Сутектің судағы массалық үлесі - 11%
Жер қыртысында сутектің массалық үлесі - 1%
Сутекті 1776 жылы ағылшын ғалымы Г. Кавиндиш алды, сутекке жай зат екенін анықтап оған «гидрогениум» деп ат берген француз ғалымы А. Лавуазье болды.

Тапсырма: Сәйкестігін табы
Сутектің физикалық қасиеттері
• Сутек — ең жеңіл газ;
(14, 4 есе ауадан жеңіл);
• Түссіз, иіссіз, дәмсіз газ;
• t қайнау = - 252, 6°С, t балқу = - 259, 1°С;
• Жылуөткізгіштігі жоғары;
• Суда аз ериді;
• Сутекті 150 атм. қысымында жасыл түсті баллондарда сақтайды.
• Ауамен әрекеттескенде қопарылғыш газ түзеді.

Сутектің алынуы
Жер бетінде сутек көп қолданылатындықтан, оны алудың түрлі тәсілдері бар. Өнеркәсіпте сутекті алудың негізгі әдісі - суды тұрақты электр тогының көмегімен айыру болып табылады.
2H2O =2H2+O2
Метанның су буымен әрекеттесуі. Бұл реакция өте жоғары температурада жүреді.
CH4+2H2O=CO2+4H2 --- 165кДж
Бұл процесте бірден таза сутек бөлінбейді, оның көмірқышқыл газбен қоспасы алынады.
Ал зертханада сутекті белсенді металдардан: магний, мырыш, темірді сұйытылған тұз HCl немесе күкірт H2SO4 қышқылымен әрекеттестіріп алуға болады.
Zn+2HCl=ZnCl2+H2
Zn+H2SO4=ZnSO4+H2
Ca+2H2O=Ca(OH) 2+H2
2Na+2H2O=2NaOH+H2
Сынауыққа жинап алған сутектің тазалығын тексеру үшін жанып тұрған спиртшамына апарса, таза сутек шабытты түрде реакцияға түсіп, «па» деген дыбыс шығарады. Егер сынауықта сутекпен бірге оттектің не ауаның қоспасы болса, ащы ысқырған дыбыс шығады.
Зертханада сутек алу үшін арнайы аппарат қолданылады, ол аппаратты Кипп аппараты деп атайды.

Лабораториялық тәжірибе
Тапсырма: Графикалық диктант
Сутектің химиялық қасиеттері
Сутек молекуласының құрылысы қарапайым болғанымен едәуір берік қосылыс. Ол қыздырғанда оттегімен шабытты әрекеттесіп, көп жылу бөледі. Жану нәтижесінде су түзіледі.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама