Тақырыбы: Сүйемін, өскен Отаным
Мақсаты: Оқушыларды қазақ поэзиясында шоқтығы биік аса дарынды ақын Мұқағали Мақатаев шығармаларымен таныстыру.
Міндеті:
1) Мәнерлеп түсініп оқу дағдыларын дамыту
2) Оқушының тіл байлығын, сөздік қорын дамыту
3) Өз елін, туған Отанын сүюге баулу
Әдіс - тәсілдер: «Болжау», «Бес жолды өлең», «Венн» диаграммасы
Күтілетін нәтиже: - автор жайлы түсінік алады;
- Отан туралы түсінігі артады;
- тіл байлығы артады;
- өзін - өзі реттейді.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
«Шаттық шеңбері» психологиялық
Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз,
Сәлем бердік сіздерге
Басымызды иіп бәріміз.
II. Үй тапсырмасын сұрау: Қасым Аманжолов «Туған жер». Өлеңді мәнерлеп оқыту. Қасым Аманжоловтың өмірбаянын сұрау. Хранологиялық кесте.
Қ. Аманжолов Отан, туған жер, өскен ел тақырыбына көптеген өлеңдер жазған дарынды ақындардың бірі (үй жұмысын қорытындылау)
III. Жаңа сабақ:
а) Мақсат қою:
- Бүгін біз сіздермен Мұқағали Мақатаевтың шығармаларымен танысамыз. Бүгінгі сабақ топтық жұмыс түрінде өтеді. Қима қағаздар құрастыру арқылы топқа бөлінеміз. 1 суретті 5ке бөліп құрастыру.
5мин уақыт беру. Топ атын, ұранын жаздыру, топ басшысын сайлату.
Болғандары қол шапалақтау (бірдей), топ қатарын анықтау.
Топ ұстанымын айтып өтуін сұрау (алтын ереже)
- топтық жұмысқа белсене қатысу
- өзгенің пікірін тыңдау
- өз ойын ашық білдіру
- шынайы бағалау
- адал, әділ, ұйымшыл болу
ә) Қызығушылықты ояту (Кіріспе).
- Ендеше «Бүгінгі сабағымызда» не білгіміз келеді, соны ББҰ кестесін толтырудан бастайық.
Тапсырма: орны ауыстырылған нақыл сөздер таратып, жаңа тақырыпты анықтау.
1) Отан - оттан да ыстық
2) Отансыз адам, ормансыз бұлбұл
3) Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас
4) Отан үшін отқа түс, күймейсің
Сұрақ: Не туралы мақал - мәтелдер?
- Отан туралы
Ендеше бүгін «Туған өлкем - тұғырым» тарауындағы қазақ поэзиясында шоқтығы биік аса дарынды ақын Мұқағали Мақатаевтың «Сүйемін, өскен Отаным» өлеңіне тоқталамыз.
б) Мағынаны тану.
- Алғашқы сауалдарыңыз, яғни автор жайлы мен өзіне қысқаша түсінік бере өтейін, сол әңгімедегі негізгі ойды біз мәтінді оқи отырып танысармыз.
Хронологиялық таблица
суреті
туған жері, кім болған
шығармашылығы
мамандығы
туған жылы
Мұқағали Мақатаевтың өлеңін тыңдату (Аққулар ұйықтағанда)
- Автор жайлы қысқаша білдің?
- Не түсіндіңіздер?
- Енді өлеңдегі негізгі ойды анықтайық
- Ол үшін мәтінді «Болжау» тәсілімен оқып үйренеміз. (Өлеңді 4 топқа бөліп, үзіліспен оқу)
- Өлеңді бірнеше бөлікке мұқият түсініп оқуға тырысыңыздар. Сұрақтарға жауап бересіздер.
- Әр топ 2 шумақтан оқиды (Өлеңді оқып біткеннен кейін, сұрақ қояды).
- Осы өлеңнен не түсіндік?
- Қандай ой келеді; Негізгі ой не?
Негізгі идея: туған Отанды, оның сұлу табиғатын жырлау
Сергіту минуты.
I. Топтық тапсырма:
1 - топ: үлгілік ағашқа өлең бойынша ақынның нені сүйетінін жазу жазғызу
2 - топ: ақын Мұқағали Мақатаев пен Қ. Аманжолов өлеңдерінде (соңғы жолдарында) қандай ұқсастық бар. Ұқсас жолдарын жазу.
Қ. Аманжолов:
Сен де аямай бердің маған барыңды,
Менде аямай барым саған беремін
М. Мақатаев:
Қарыздармын сондықтан
Беремін талай жырымды
3 - топ: Көркем шығармалар сызбасын құру
Көркем шығармалары
Поэзия – өлеңмен жазылады
Проза – қарасөзбен жазылады (әңгіме, повесть, роман)
4 - топ: Отан сөзіне ассосиация құру
IV. Қорытынды:
ББҰ кестесін толтыру (Үйреңгім) графасын
V. Рефлексия.
- Бәрін сабақта қандай сезімде болдым (стикерге жазып жабыстыру).
- 2 - 3 оқушыға рефлексия жасату
- топ басшыларының сөзі.
VI. Үй тапсырмасын беру:
I топ: Өлеңді мәнерлеп оқу. Менің Отаным Қазақстан тақырыбына кітапша жасау
II топ: Туған жер тақырыбына сурет салу
III топ: Менің Отаным Қазақстан тақырыбына эссе
IV топ: Отан туралы мақал - мәтелдер жинастыру
VII. Бағалау: Екі жұлдыз, бір тілек. Оқушылар өздеріне ұнаған 2 сәтті айтады ұсыныс жасайды.
Сүйемін, өскен Отаным
Тақырыбы: Сүйемін, өскен Отаным
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз720 қаралым
#мұқағали мақатаев#4 сынып#сүйемін#өскен отаным#туған жер туралы ашық сабақ
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

