Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
Тақырыбы: Сиқырлы пішіндер әлеміне саяхат
Мақсаты: Барлық өткен геометриялық пішіндер, түстер туралы қайталау. Оларды бір - бірінен ажырата білуге, салыстыра білуге, айналасындағы заттар арасынан геометриялық пішіндерді таба білуге үйрету. Зейін қоюға, ыждағаттылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Үлкен, кіші шаршылар, ұсақ үшбұрыштар, құлып кілтімен, смешариктің суреті.
Сөздік жұмыс: Шеңбер, шаршы, үшбұрыш, смешарик.
Қостілдік компонент: Шеңбер - круг, шаршы - квадрат, үшбұрыш - треугольник.
Мотивациялық - қозғаушылық
Амандасу:
Болашағы жарқын елдің,
Бүлдіршіні біздерміз.
Денсаулықтың арқасында,
Ойнап – күліп жүреміз.
Бәріміз де білімдіміз,
Өнерліміз жан – жақты.
Ұлдарымыз дарынды,
Қыздарымыз талапты,
Сәлемет пе, достарым!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Ұйымдастырушылық - ізденістік
- Балалар, жылдың неше мезгілі бар?
Жыл мезгілдерін атап беріңдерші.
- Аптада неше күн бар?
Апта күндерін атап беріңдерші.
- Балалар, сендер қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?
Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Бүгін біз сабағымызды ертегі негізінде өткіземіз.
«Үйшік» ертегісі
Күзгі орманда биікте емес жерде бір үйшік болыпты. Сол үйшікке қарай бір үшбұрыш жақындап келеді. Оның үйшікке қатты кіргісі келеді. Бірақ есікте құлып тұр екен.
Үшбұрыш: Ей, құлып, жылдам ашыл! Менің үйшікке кіргім келіп тұр!
Сиқырлы дауыс: Сен кімсің?
Егер үшбұрыш сөйлей алған болса, өзі жайлы не айтар еді?
Үшбұрыш: Мен үшбұрышпын, менің түсім – қызыл. Үш бұрышым және үш қабырғам бар. Үйдің шатырына ұқсаймын.
Сиқырлы дауыс: Балалармен бірге тапсырма орындасаң кіргіземін.
- Балалар, үшбұрышқа үйшікке кіруге көмектесеміз бе?
«Сиқырлы пішіндер әлеміне саяхат»
Кошимбаева Ақерке Болатовна
«Қуаныш» балалар бақшасы мектеп
білім беру комплексі» мекемесінің
тәрбиешісі, Семей қаласы
Сиқырлы пішіндер әлеміне саяхат жүктеу
Сиқырлы пішіндер әлеміне саяхат
Білім беру саласы: «Таным»
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз567 қаралым
#геометриялық пішіндер#қарапайым математикалық ұғымдары#сиқырлы пішіндер әлеміне саяхат
Ұсынылады
Мектептерде диктант пен бақылау жұмыстары қайта оралуы мүмкін бе?
Қазақстан мектептеріндегі білімді бағалау жүйесі өзгеруі ықтимал. Оқу-ағарту министрлігі БЖБ мен ТЖБ жүйесін талдап, дәстүрлі жазба жұмыстарын қайта енгізуді қарастырып жатыр.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 31 мамыр
Мектептегі "шоу-сабақтар" білім сапасын төмендетеді: Мұғалім министрге үндеу жолдады
Белсенді педагог Айман Сағидулла аттестациялаудың жаңа ережелеріне қатысты алаңдаушылығын білдіріп, "шоу-сабақтардың" оқушыларға кері әсер ететінін айтты.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 18 сәуір
Мектепте жаңа үш пән енгізіледі: Білім министрінің шұғыл мәлімдемесі
Қазақстан мектептерінде оқу бағдарламасына жаңа пәндер қосылып, білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер болады.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 15 сәуір
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

