Сиқырлы сурет сырлары
Мақсаты: оқушыларға сурет туралы мағлұмат беру. Сергіту арқылы бояу сырларымен таныстыру. Суретке деген қызығушылықтарын ояту.
Көрнекілігі: бояу қарындаштар, акварель, ақ қағаздар, түрлі - түсті қағаздар.
Өту барысы:
1. сурет туралы түсінік беру
2. Шаттық шеңбері
3. Өз қалауымызда сурет салу
4. Сергіту сәті. «Кемпірқосақ ойыны»
1. Сурет әртүрлі бояулармен: акварельмен (қағазға немесе картон), майлы бояумен (холстқа, картонға, ағашқа), пастельмен (ерекше түрлі - түсті қарындаштармен қағазға немесе картонға) салынады.
2. Шаттық шеңбері
Қолға қалам аламыз,
Әуеде сурет саламыз.
Ән айтамыз, би билеп
Күн сәулесін саламыз.
3. Балалар, біз бүгін (Суретті бояу) деген тақырыпта жұмыс дәптеріне берілген тапсырмаларды орындаймыз.
Суретті бояғанда өте тиянақты, әдемі,
Бояудың түсін ажырата білуге дағдыландыру. Мысалы, тақырыпта
(Күзгі жемістер) деп берілсе,(Алманың түсі -
Қызыл, шиенің түсі – қызылқүрең), т. б. сол
Сияқты әрбір суретті бояр алдында түстерге мұқият зейін қою керек. Әуелі өзіміз қалауымызша сурет салып, сонан соң тапсырмаларды орындаймыз.
4. Сергіту сәті. Кемпірқосақ ойыны
Барлығымыз ортаға шығып дөңгеленіп турамыз, әр оқушы бір бірлеп 1 - 7 аралығындағы сандарды айтып шығады. Ортаға түрлі түсті қағаз қиындыларын тастаймыз.
Мысалы, Мұғалім 1 - көк немесе 3 - қызыл деп айтса, сол сандағы оқушылар өздеріне тиісті түсті алады. Барлығы алып болған соң мұғалім түстерді кезегімен айтады. Сол кезде оқушылар бірдей түстер қол ұстасып қатар-қатар тұра қалады. Мұғалім «кемпірқосақ» деп айтқанда қолдарындағы қағазды жоғары көтереді.
Н. Байғанин орта мектебі
«Айгөлек» жазғы демалыс лагері
Тәрбиеші: Қалиева Жаңылсын
Студент – практикант: Кошетерова Мөлдір
Сиқырлы сурет сырлары
Сиқырлы сурет сырлары
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз719 қаралым
#сурет салу#сабақ жоспары#бейнелеу өнері#сиқырлы сурет сырлары
Ұсынылады
Натюрморт жанрының шығармашылық композициясы
Құлсары балалар өнер мектебінің мұғалімі
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Адам кейіпін (портреттін) бейнелеудің әдіс-тәсілдері (сабақ)
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ селосы.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Арнайы сызу пәні бойынша тақырыптық күнтізбелік жоспар
Перспектива пәні бойынша тақырыптық күнтізбелік жоспарАрнайы сызу пәні бойынша тақырыптық күнтізбелік жоспар1 - бөлім. Арнайы сызумен таныстыру және оны игеру2 - бөлім. Геометриялық құрылымдар мен ...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

