Сабақтың тақырыбы: Табиғат көрінісін бейнелеу
6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Табиғат көрінісін бейнелеу
І Сабақтың мақсаты: Перспектива заңдылықтарын қолдана отырып табиғат көріністерін салу;
білімділігі: қағаз бетіне затты дұрыс үйлестіру, түстерді дұрыс таңдап білу;
тәрбиелігі: эстетикалық тәрбие беру;
дамытушылығы: есте сақтау, елестету қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктері: үлгі табиғат көріністері, өнер туралы ұлағатты сөздер, суретшілердің портреттері.
Сабаққа қажетті құрал - жабдықтар: сурет дәптері, акварель, гуашь бояулары, қылқалам.
ІІ Әдісі: Аралас (әңгімелесу, сурет салу)
Жүрісі: І ұйымдастыру бөлімі
(сәлемдесу, оқушы саның, сабаққа әзірлігін тексеру)
ІІ Үй жұмысын тексеру
1. Перспектива дегеніміз не?
2. Көкжиек сызығы, көру нүктесі деген не?
3. Түстер қандай болады?
4. Қазақстан бейнелеу өнерінің бірінші қылқалам шебері кім?
5. Альберхт Дюрер кім?
6. Табиғат дегеніміз не?
(оқушылардың жауаптарын тыңдау)
ІІІ Жаңа сабақ
Табиғат бізді қоршаған орта, адамға табиғатсыз өмір жоқ. «Табиғаттың әдемілігі, адам жаның тазалығы» деп В. Сухомлинский бекер айтпаған себебі жаны таза адам болашағын ойлайды өз ұрпақтарына осы әдемі табиғатты сақтап, қорғауға тырысады.
Табиғат көрінісін шынайы бейнелеу үшін көп жаттығуымыз қажет. Далада келе жатқанда аяғының астына қарасан алуан түрлі шөптерді көресің.
Ерінбей әрбір шөпті, бұтаны қолына алып қара. Егер сен аңғарымпаз болсаң, табиғат саған өз сырларын, сұлулығын ашады.
Суретшіге керекті түсті табуына оның байқампаздығы мен көргенін жақсы есте сақтау қабілеті көмектеседі. Жақсы суретші болу үшін өзіңді қоршаған дүниеге мұқият қарау керек. Заттардың түсіне, пішініне зер сала қарап оларды есте сақтаған дұрыс.
Мысалы: И. Левитан, Айвазовский өз туындыларын есте сақтау арқылы салған.
Табиғат көрінісін зерттеп, құбылыстарды бақылап есте сақтау керек.
(Жаңа ұғымдарды дәптерге жазу)
Этюд - қысқа мерзімде орындалған картина.
Нобай - дайындық суреттері.
Негізгі түстер, қосымша түстер.
Шедевр – қайталанбас ұлы шығарма.
ІV Сабақты бекіту: І қатар «Жаз» мезгілін
ІІ қатар «Күз» мезгілін
ІІІ қатар « Көктем» мезгілін
бояумен салу.
Бекіту сұрақтары:
Сурет салу неше кезеңнен тұрады?
Этюд дегеніміз не?
Негізгі түстерді ата.
Бағалау
V Үйге тапсырма: Табиғаттағы тәулігіне байланысты өзгерістерді бақылап салу.
Мұнайлы ауданы, « №9 жалпы білім беру орта мектебі» КММ.
Дайындаған Абдираманова Ш. Н.
Табиғат көрінісін бейнелеу. жүктеу
Табиғат көрінісін бейнелеу
Сабақтың тақырыбы: Табиғат көрінісін бейнелеу
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз1004 қаралым
#6 сынып#бейнелеу өнері#табиғат көрінісін бейнелеу#перспектива заңдылықтары
Ұсынылады
Натюрморт жанрының шығармашылық композициясы
Құлсары балалар өнер мектебінің мұғалімі
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Адам кейіпін (портреттін) бейнелеудің әдіс-тәсілдері (сабақ)
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ селосы.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Арнайы сызу пәні бойынша тақырыптық күнтізбелік жоспар
Перспектива пәні бойынша тақырыптық күнтізбелік жоспарАрнайы сызу пәні бойынша тақырыптық күнтізбелік жоспар1 - бөлім. Арнайы сызумен таныстыру және оны игеру2 - бөлім. Геометриялық құрылымдар мен ...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

