Тамыздағы ҰБТ-ны 27 мыңнан астам адам тапсырды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Талапкерлердің 53%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл – 55. Максималды балл – 136.

«ҰБТ өткізу кезеңінде ереже бұзудың 66 фактісі анықталды. Оның ішінде смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды өткізуге тырысқаны үшін 30 талапкер тестілеу мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториядан 36 адам шығарылды. Жалған адамдар анықталған жоқ», – делінген хабарламада.

ҰБТ-2026 аяқталғаннан кейін бейнежазбаларға талдау күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ереже бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.

«Колледж түлектері өз мамандығы бойынша жоғары оқу орнында ақылы негізде оқуды жалғастыруды жоспарласа, әңгімелесу нәтижелері бойынша түсе алады. Бұл жағдайда қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады», – деп хабарлады министрлікте.