Ей, Тағдыр!
Сөйлесейік, келші бермен.
Қаншама соқпақтарға бастасаң да,
Сенімен сөйлесуді ерсі көрмен.
Білесің бе?
Мен саған бағынбаймын!
Бар ма тағы беретін зарың, қайғың?!
Көлденеңдеп жолымда тау боп тұрсаң,
Мен - мұнартқан басыңда сағымдаймын!
Сондықтан да жібер деп жалынбаймын.
Heгe жаның ашымай тірі адамға,
Heгe сала бересің бұралаңға?
Өз тағдырым - өзіме ана емес пе ең,
Жұбатпайсың неге сен жылағанда?
Жақсылықтың қимайсың қалдығын да,
Қарғысың ба, қалдырған жарлығың ба?
Мен дегенде жыландай жиырылып,
Керісінше істейсің барлығын да...

