Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі атышулы істерді тергеген бұрынғы тергеуші Олеся Кексельге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.

Кексельге ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы 2-бөлігі 1) және 2) тармақтары бойынша («Азаптау») айып тағылып отыр. Ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Тергеу департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Еске салайық, Кексель кезінде экс-премьер Серік Ахметов, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев және экс-ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың істерін тергеген болатын.

Бұған дейін осы іс аясында ұлттық бюроның экс-басшысы Талғат Татубаев та ұсталған еді.