Талдықорғанда жастар жолдың өзінде қауіпті қылықтар жасады: қозғалып келе жатқан көлік терезесінен шығып, мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ күйде жүрді, ал біреуі қоғамдық орында дәрет сындырды. Барлық бұзушылық жедел басқару орталығының камераларына түсіп қалды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Жетісу облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Талдықорғанда болған. Ведомство болған жайды «ережесіз жүріс» деп сипаттады. Бейнебақылау камералары жастар жіберген бірнеше бұзушылықты бірден тіркеп алды.

«Кадрларда көлік қозғалып келе жатқанда жолаушылардың бірі қауіпсіздік талаптарын елемей, терезеден шығып тұрғаны көрінеді. Содан кейін көлік тоқтап, одан мемлекеттік тіркеу нөмірі алынады да, ол нөмірсіз жүрісін жалғастырады. Кейінірек жолаушылардың бірі, 22 жастағы жас жігіт, қоғамдық орында дәрет сындырып, ұсақ бұзақылық жасады», — деді полиция департаментінде.

Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысқандардың барлығын анықтады. 19 жастағы жүргізуші жіберген бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 22 жастағы жолаушыға қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша материалдар сотқа жіберілді.