Қазақстанның оңтүстігінде алтын іздеумен айналысатын Tama Gold компаниясы 2025 жылдың қорытындысы бойынша 503 млн теңге шығын көрді. Бұл бір жыл бұрынғы 16,7 млн теңге шығыннан әлдеқайда көп. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.
Қаржылық есептілікке сәйкес, компанияның 2024–2025 жылдары кірісі болмаған. 2025 жылдың соңындағы жинақталған жабылмаған шығын 537 млн теңгені құрады.
Tama Gold акцияларының 99%-ы жеке компания Altynqonys Resources Ltd.-ке, 1%-ы басшы Ольга Теге тиесілі. Altynqonys Resources Ltd. өз кезегінде Atlas Minerals Ltd. (ортақ иелері: Бекежан Дәуренқұлов, Марғұлан Мейірманов және Серік Шәріпов) және Greenrock Minerals Ltd. (ортақ иелері: Тасболат Әбдуллин, Асқар Дүйсенбаев және Геннадий Морозов) компанияларына тиесілі.
Айта кету керек, кәсіпкерлер басқа да компанияларға қатысады. Мысалы, Adata сервисінің дерегінше, Тасболат Әбдуллин Eurasian Minerals, Qazagrominerals, Dostyq Centre, Crane Towers, Golf Resort, Geo Miners Group Ltd., Sensata Ltd., Blaze Development, Uniton, Greenrock Minerals Ltd., SG Minerals, Sensata Home Group компанияларының ортақ иесі. Асқар Дүйсенбаев та Uniton, Geo Miners Group Ltd., Blaze Development, Sensata Home Group, Dostyq Centre, Sensata Ltd., Crane Towers, SG Minerals, Golf Resort, Eurasian Minerals, Qazagrominerals компанияларының ортақ иесі. Геннадий Морозов Blaze Development, VDS Kazakhstan, Nura Property, HS Group, Morrow Rent, Sensata Home Group, Turion Investment Group Development, Qazagrominerals, Golf Resort, «Нұра Жастар» қайырымдылық қоғамдық қоры, Sensata Ltd., Greenrock Minerals Ltd., SG Minerals компанияларының ортақ иесі.
Tama Gold 2020 жылғы 25 қарашада Алтынқоныс учаскесінің 22 шаршы км аумақты қамтитын тоғыз блогына алты жылдық геологиялық барлау лицензиясын алған, бірақ 2025 жылғы 17 шілдеде оны қайтарған. Компания іздеу жұмыстары барысында қандай нәтижелерге қол жеткізілгенін нақтыламайды – есептілікте тек бұрғылау және барлау компанияларының қызметтеріне ақы төлеу шығындары көрсетілген. Әдетте, барлау лицензиясын қайтару оператордың елеулі қорлар таппағанын білдіреді. Сонымен қатар, компания жаңа барлау лицензияларын алу жоспарларын қарастырып жатыр, делінген есептілікте.
Бұған дейін Tama Gold Алтынқоныс учаскесі Жоңғар Алатауының оңтүстік таулы бөлігінде орналасқанын хабарлаған. Компания 2021 жылдан бастап дала жұмыстарын бульдозер, бұрғылау станоктары және басқа техниканың көмегімен жүргізуді жоспарлаған. Компания жұмысында Megapolis Capital және Altynqonys Resources Ltd. компанияларынан алынған қарыздарды пайдаланған.


