Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы XX жазғы Азия ойындарында Қазақстанның гребной слалом құрамасы каяк-кросс сайысында жүлдесіз қалды. Жұма күні ерлер мен әйелдер бір-бір комплект медаль сарапқа салды. Ел намысын шешуші финалға дейін жеткізген жалғыз спортшы — Екатерина Таранцева. Ол шешуші жарыста төртінші орынға тұрақтап, турнирдегі екінші жеке медаліне бір-ақ қадам жетпей тоқтады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Әйелдер финалында жеңісті қытайлық Чэнь Линь жеңіп алды, қоланы оның отандасы Сюй Линьси иеленді. Күміс Қытай Тайбэйінен келген Чан Чуханьға бұйырды. Тағы бір қазақстандық Анастасия Ананьева ширек финал сатысында күресті аяқтады.
Ерлер арасында ел намысын Владислав Рябко мен Александр Коробов қорғады. Екеуі де шағын финалға жолдама алып, жалпы есеп қорытындысы бойынша сәйкесінше бесінші және сегізінші орындарға тұрақтады. Алтын мен күмісті екі жапондық — Юуки Танака мен Кадзуя Адати жеңіп алды, үздік үштікті қытайлық Цюань Синь түйіндеді.
Осылайша, Қазақстанның гребной слалом құрамасы Азиада-2026-ны үш қола медальмен аяқтады. Пьедесталға Таранцева мен Коробов (екеуі де — байдарка-жекелей), сондай-ақ Ананьева (каноэ-жекелей) көтерілді.


