Таразда қатты желдің екпіні ішінде екі бала отырған үрмелі батутты ауаға көтерді. Бақытына қарай, балалар қорыққаны болмаса, зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды infohub.kz.
Оқиға 11 тамызда Ұлы дала шағын ауданындағы № 68/1 үйдің жанында болды. Желдің күрт күшеюінен аттракцион аударылып, жоғары көтерілді, содан кейін балалар жерге құлады. Көзәздер болған оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде тез таратты. Кадрларда батуттың қисайып, ауаға көтерілгені, ересектердің балаларға көмекке ұмтылғаны көрінеді.
Тараз қаласы Әулиеата ауданы әкімдігінің мәліметінше, оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы шұғыл жеткен. Дәрігерлер балаларды тексеріп, денсаулықтарына ешқандай зиян келмегенін, жарақат алмағанын анықтады.
Болған оқиғаға байланысты аттракционды орнатқан кәсіпкерге қатысты әкімшілік шара қолданылып, оған айыппұл салынды. Сонымен қатар, уәкілетті бөлімге автокөлік тұрағының иесіне қатысты шара қолдану туралы ұсыныс жіберілді, өйткені нысан мақсатына сай пайдаланылмаған.


