Таразда автобус жолаушыларының арасындағы жанжал көшеде төбелеске ұласты — оқиға кадрлары әлеуметтік желілерде тарады, ал облыстық полиция болған жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба «Криминальный Казахстан» Telegram-арнасында жарияланды. Кадрларда спорттық киім киген ер адам жас жігітке қолымен және аяғымен соққы беретіні көрінеді. Төбелеске әйел араласып, оны тоқтатады.
Жарияланымға сәйкес, жанжалға қатысушылардың бірінің анасы болған жағдайды былайша баяндады: бәрі автобуста басталған. Оның ұлы түсуге дайындалып, алдында тұрған ер адамнан түсе ме деп сұраған. Әйелдің айтуынша, автобуста ұлы жанжалды жалғастырмаған. Алайда түскеннен кейін ер адам оның соңынан еріп, қуып жетіп, ұра бастаған.
Бейнежазбаны автобустағы жанжалдың куәсі болған әйел түсірген. Жас жігіт оқиғадан кейін травматологиялық пунктке қаралғаны хабарланады.
NUR.KZ тілшісіне Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты.
«Қазіргі таңда болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтау мақсатында тергеу әрекеттері жүргізілуде. Нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады», — деді полицияда.
Назар аударыңыз: видеода әдепсіз сөздер бар.


