- 08 қаң. 2020 00:00
- 198
Тәуекел түбі — жел қайық...
Ақ қар, көк мұзда екі жауынгер әлдеқандай каналға тап болады. Ефрейтор каналдың жұқалау мұзын басып көріп, одан жүгіріп шығуға болмайтынын аңғарады. Сөйтсе де «тәуекел түбі — жел қайық» деп жүгіріп өтеді. Діттеген жағаға шығып алған ол артында қалған досына «тәуекелге сал» деп дауыстайды.
Екінші солдат шатынап қалған мұз үстімен «нар тәуекел» деп жүгіріп жағаға жақындай бергенде суға күмп береді.
— Мен жүгіргенде мұз қақ айрылғаны қалай? — деп сұрайды суға малынып шыққан солдат.
— Есіңде болсын, мұндайда нар тәуекелден жел қайық жақсы.