Тәуелсіздік
Туғызып ұлы арманның ұлы күнін,
Дегендей әр қазақтың бүгіні – Күн,
Келіп еді мойындатып күллі әлемге
Текті елдің тағы да бір ұлылығын.
Туды деп жұрт іздеген аңсарлы күн,
Жүректің күмбірлетіп күйсандығын,
Жеткен еді танытқандай жер бетіне
Өр ұлттың тағы да бір қайсарлығын.
Сездіріп баба арманның өсиетін,
Сөздері бар дегендей бас иетін,
Туған - ды бүгініне ұқтырғалы
Кешегі ұлы ерліктер қасиетін.
Күні деп енді көшке ілескеннің,
Сол күні жүректерден жыр ескен күн.
Сабақ берді маңызын айтып ұрпағына
Ұлт үшін болған сансыз күрестердің.
Жетті деп енді еркіндік сүйінді Күн,
Тартқандай Дала шалқып күйін бүгін,
Сездіріп келді Азаттық қазағына
Жетудің бостандыққа қиындығын.
Бұл жолда талай үміт торыққанын,
Сан рет қайсар мінез танытқанын,
Баяндап, күллі әлемге ұғындырды
Жаһанда осындай бір халық барын.
Ілес деп келді елдердің өркеніне,
Сендіріп әр қазақты ертеңіне,
Заманын кешегімен салыстырсаң,
Бүгінін айналдырып ертегіге.
Ұран боп сосын қыз бен бүгін ұлға,
Тоғысып алуан мүдде бір ұғымға,
Сөйтті де бекем тұрып орнап қалды
Өзінің қасиетті тұғырында.
Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы
Тәуелсіздік
Туғызып ұлы арманның ұлы күнін,
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз465 қаралым
#тәуелсіздік туралы өлең#16 желтоқсан күні#өлең тәулесіздікке
Ұсынылады
Ақын Серікбай Әбілмәжін 42 жасында өмірден озды
Белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Серікбай Әбілмәжін өмірден озды. Ол 42 жаста еді.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 23 сәуір
Марфуға Айтқожина: Назарбаевқа «Аспандағы күніміз» деген ақындар болды
Белгілі ақын Марфуға Айтқожина экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап, оны мадақтап жыр жазған замандастарын еске алды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 14 наурыз
«Балам тағдырын сезгендей болды»: ақын Серікзат Дүйсенғазы жанын ауыртқан кезеңді еске алды
Белгілі ақын Серікзат Дүйсенғазы өміріндегі ең ауыр сәттерін, әсіресе ұлынан айырылғандағы күйзелісін бөлісті.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 12 ақпан
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

