Тайваньда бір ер адам әйелін опасыздық жасады деп күдіктеніп, робот-шаңсорғышты бақылау үшін пайдаланған. Алайда ол өзі түрмеге түсті, деп хабарлайды infohub.kz.

Ер адам 2021 жылы үйленген, ал екі жылдан кейін әйеліне күдіктеніп, оны бақылай бастаған. Олар күйеуінің ата-анасымен бірге тұрған, бірақ демалыста қала сыртындағы үйге баратын. Бірде ол сол жерден қосымша тіс щеткасын тауып алып, күдігі одан әрі арта түскен.

Біраз уақыттан кейін ол әйеліне аудиохабарлама жіберу үшін робот-шаңсорғышты қашықтан қосқан. Алайда құрылғының тікелей эфирі әйелдің басқа еркекпен бірге екенін көрсеткен. Осы дәлелмен тайваньдық әйелі мен оның көңілдесін неке құқығын бұзғаны үшін сотқа берген. Азаматтық сот олардың алданып қалған күйеуге 500 мың тайвань доллары (шамамен 7 млн теңге) төлеуі керек деп шешкен.

Алайда әйел жеке өмірге араласқаны үшін қарсы шағым түсірген. Тайвань заңдары бойынша, рұқсатсыз адамның жеке өміріне қатысты ақпаратты жазу немесе тарату үш жылға дейін бас бостандығынан айыру және 300 мың тайвань долларына дейін айыппұл салуға әкеп соғады. Сөйтіп, сот алданып қалған күйеуді бес айға бас бостандығынан айырып, 150 мың тайвань доллары (шамамен 2 млн теңге) айыппұл салған.

Сот «неке міндеттері адамның жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқығын жоймайды» деп шешкен.

Бұған дейін Kursiv LifeStyle АҚШ-тағы миллионер заңгердің прокурор әйеліне опасыздық жасағаны белгілі болған соң, жоғары жалақылы жұмыстан қуылғанын жазған.