Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Текшелерден құрастырылған геометриялық фигуралардың көлемдерін салыстыру.
Математика 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Текшелерден құрастырылған геометриялық фигуралардың көлемдерін салыстыру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Текше және оның көлемі‚ кубтың көлемі жайлы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: Есепті шығару және түрлендіру, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым -
қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік көрсету ‚ практикалық іс – әрекет
арқылы түсіндіру, жарыс.
Көрнекілік: Сыйымдылық пен көлемге байланысты суреттер.

Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасын тексеру:
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
А) Кесінді ұзындығын анықтауға болады.
Ол бір өлшеммен (ұзындығы) өлшенеді. 4 см
Ә) Тік төртбұрыштың ауданын екі өлшеммен (ұзындығы‚ ені) табуға болады.
2×4=8 (см )
Б) Білеушенің көлемін табуға болады. Ол үш өлшеммен (ұзындығы‚ ені‚ биіктігі) өлшенеді. 4 × 2 × 1 = 8 ( см )
Бұл – текше (куб) Оның үш өлшемі бар. Ұзындығы – 1 см‚ ені – 1 см‚ биіктігі – 1 см. Текшенің көлемі – 1 см
Жаңа сабақ.
Сабақ мақсатымен таныстыру.
1. Куб және оның көлемі‚ кубтың көлемі жайлы түсінік қалыптастыру.

Бұл текше(куб). Оның 8 төбесі бар. Төбелерді қосатын кесінділерді қыры
деп атайды. Текшенің 8 қыры бар. Текшенің 6 жағы бар. Сана.

Фигурада екі қатар қойылған текшелерді сана. Барлығы неше текше. Фигураның көлемі туралы не айтуға болады?
Формуламен таныстыру.
Көлемді V әріпімен белгілейміз
V = а×в×с
V= 10×10×10=1000 (см )
V=10×10×20=2000 (см )
V=10×10×30=3000 (см )

1 л = 10 см × 10 см × 10 см = 1000 см (мың куб сантиметр)
Көбейту және оның компоненттері
Текшелерден құрастырылған геометриялық фигуралардың көлемдерін салыстыру. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама